Тексеруден өту қағидалары

Жарнамаға арналған орын
250x250

Ұшу алдындағы тексеру  

Ұшу алдында тексеруді сіздің жеке басыңыздың қауіпсіздігі үшін авиациялық қауіпсіздік қызметі жүргізеді. Міндетті түрде жолаушыларды және олардың қол жүгі мен багажын қарап тексеру рәсімі жүргізілуі тиіс. Егер жолаушы ұшу алдындағы тексеруден бас тартса, жолаушыға  ұшуға рұқсат етілмейді.

Жолаушыларды, олардың қол жүгі мен багажын тексеру - билеттерді тіркегеннен кейін, халықаралық рейстердің жолаушыларын - жолаушылар кедендік және шекаралық бақылаудан өткеннен кейін жүргізіледі.

Ұшу алдындағы тексеруден өту: 

  1. Отырғызу талонын және жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуге дайындалыңыз.
  2. Сырт киім, бас киім, белдік, сағат және басқа да металл заттарыңыз болса шешіп пластикті себетке салыңыз. Сізден аяқ киіміңізді шешуді сұрауы мүмкін.  
  3. Ұялы телефондарды, оттықтарды, шылымдарды, тиындарды, кілттерді және басқа металл заттарды қол жүгіне немесе пластикті себетке салыңыз, электронды немесе электр құрылғыларды бөлек орналастырыңыз (мысалы, дербес компьютерлер, планшеттер және т.б.).
  4. Қол жүгін интроскоп таспасына көлденеңінен қойыңыз. Қол жүгін тасымалдауыштың шетіне қоймаңыз – қосқан кезде таспа керісінше қозғалып, қол жүгі құлап кетуі мүмкін.

Егер Сізде имплантацияланбаған жүрек ширатқыш болмаса, металл детектор арқылы өтіңіз.

Жүрек ширатқышы бар жолаушыларды техникалық және арнайы құралдарды қолданбай, қолмен (жеке) тексереді. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру бөлімшесінің инспекторына жол жүру құжаттарын тексергенде немесе тексеруге дайындық кезінде осындай шектеулердің бар екендігі туралы хабарлаңыз. 

Қол жүгін тексеру 

Қол жүгі үшін де багаж сияқты авиациялық қауіпсіздікке қатысты шектеулер бар. Тасымалдауға тыйым салынған заттар мен нәрселердің тізімімен алдын ала танысуыңызды өтінеміз.  

Қол жүгін тексергенде сізден ішіндегі заттарды қолмен тексеру үшін сөмкені ашып беруіңізді сұрауы мүмкін.

Тексеру кезінде жолаушының қол жүгінен (багаждан) табылған тыйым салынған қауіпті заттарды және нәрселерді шығарып салушыларға беріп жіберуге (ішкі рейстерде) немесе 1 айға дейін уақытша сақтауға қалдыруға болады.  

Назар аударыңыз! 

Сығылған газдар, уытты, улы және тұтанғыш сұйықтықтар сақтауға қабылданбайды. 

Ұшақтың бортында сұйықтықтарды, аэрозольдерді және гельдерді (САГ) тасымалдау

Қол жүгінде тасымалдауға рұқсат етілген САГ:

  • су және басқа да сусындар;
  • кремдер, лосьондар, майлар;
  • парфюмдік өнімдер;
  • аэрозольдер;
  • гельдер, шашқа және жуынуға арналған гельдерді қосқанда;
  • қырынуға арналған көбік, басқа да көбіктер және дезодаранттарды қоса алғанда, қысым астындағы сыйымдылықтар құрамы;
  • пасталар, оның ішінде тісті тазалауға арналған пасталар;
  • сұйық-қатты қоспалар;
  • кірпікке арналған сүрме;
  • консистенциясы ұқсас өзге де субстанциялар

Ұшұға қажетті бала тамағы, медициналық дәрі-дәрмектер және диеталық тағамдар қол жүгімен тасымалдануға рұқсат етіледі, тек авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ол заттардың сізге ұшу кезінде қажет екендігін дәлелдеуіңізді сұрауы мүмкін (медициналық анықтама, рецепт) 

Жоғарыда айтылған сұйықтықтардың барлығы:

  • әр пакеттің көлемі ең көп дегенде 100 мл. (сыйымдылығы 100 мл артық ыдыстағы САГ, іші жартылай толтырылған болса да тасымалдауға рұқсат етілмейді);
  • Құрамында САГ бар сыйымдылықтар көлемі 1 л мөлшері 25 х15 см немесе 20,5 х 20,5 артық емес тығыз жабылатын мөлдір пластикті немесе целлофан пакетте бос орналастырылуы қажет. 

Жауапкершілік 

Тексеру кезінде жолаушыдан қауіпті заттар мен нәрселер табылса, оны жасағаны үшін,өзімен алып жүргені үшін және сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады (қару-жарақ, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, жарғыш заттар, жарылғыш құрылғылар, есірткі, улы заттар, уландырғыш заттар, радиоактивті заттар және т.б.), ұшуға рұқсат берілмейді және материалмен бірге (акт және тәркіленген заттармен бірге) оны жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін, Астана қаласы әуежайындағы ішкі істер желілік бөліміне тапсырылады.

Егер сіз заңсыз әрекеттердің куәгері болсаңыз немесе жолаушылардың немесе әуежайдың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақпаратты білсеңіз, тәулік бойы жұмыс істейтін телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 777-202, 777-723, 777-780.  

Тасымалдауға тыйым салынған заттар мен нәрселер

Қол жүгінде:

  • сұйықтықтар, аэрозольдер және гельдерді (мөлшері 100 мл-ден асатын сыйымдылықта);
  • кез келген түрдегі қарулар және оларға ұқсайтын заттарды;
  • түйрейтін және кесетін заттарды;
  • соққы-бытырату әрекеті бар қаруларды;
  • жұмыс құралдарын;
  • магниттік материалдарды;
  • есеңгірететін құрылғыларды;
  • радиоактивті заттарды;
  • улы және уландырғыш заттарды;
  • қысылған және сұйытылған газдарды;
  • тез тұтанғыш нәрселерді;
  • тұтанғыш қатты заттарды;
  • күйдіретін және тоттанатын заттарды;
  • жарылғыш және құрамында жарылғыш нәрселері бар заттарды;
  • орамасында қауіпті зат белгісі бар заттарды тасымалдауға тыйым салынады.

 

Багажда:

  • магниттік материалдарды;
  • есеңгірететін құрылғыларды;
  • радиоактивті заттарды;
  • улы және уландырғыш заттарды;
  • қысылған және сұйытылған газдарды;
  • тез тұтанғыш нәрселерді;
  • тұтанғыш қатты заттарды;
  • күйдіретін және тоттанатын заттарды;
  • жарылғыш және құрамында жарылғыш нәрселері бар заттарды;
  • орамасында қауіпті зат белгісі бар заттарды;
  • қосалқы батареялар мен зарядтау банкаларын;
  • портативті электрондық шылым шегу құрылғыларын тасымалдауға тыйым салынады.

Багажды және қол жүгін тексеру бойынша толық ақпаратты алу үшін : +7 (7172) 777-780 телефоны бойынша хабарласуға болады.   

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ