Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар

  • Әуежай туралы ақпараттан хабардар болуға сайтымызға тіркелініз

    Шағын ақпарат

Әуе билетін Астана қаласында Әуежай ғимаратындағы № 1 Терминалдың бірінші қабатында, № 2 Терминалдың екінші қабатында орналасқан кассалардан сатып алуға болады. Сонымен қатар, толығырақ ақпаратты Сіз ұшуды/саяхаттауды жоспарлап отырған әуекомпанияның сайтынан алуыңызға болады.
тіркеу орындары ішкі және халықаралық ұшу терминалдарында орналасқан: 1. ішкі ұшулар терминалында (Т2) екінші қабатта; 2. халықаралық ұшулар терминалында (Т1) бірінші қабатта. Өз кезегінде, тіркеу орындарының нөмірлері бойынша өзекті ақпаратты әуежайдың ақпараттық таблоларынан көруге болады.
Ұшатын/ұшып келетін жолаушыға CIP аймағында қызмет көрсетудің құны: 1. ұшатын ересек жолаушыға қызмет көрсету 20 000 тг.; 2. ұшатын 4 жастан 15 жасқа дейінгі балаға қызмет көрсету 10 000 тг.; 3. ұшып келетін ересек жолаушыға қызмет көрсету 12 000 тг; 4. ұшып келетін 4 жастан 15 жасқа дейінгі балаға қызмет көрсету 6 000 тг. Ұшатын/ұшып келетін жолаушыға аймақта қызмет көрсетудің құны: 1. ұшатын ересек жолаушыға қызмет көрсету 30 000 тг.; 2. ұшатын 4 жастан 15 жасқа дейінгі балаға қызмет көрсету 15 000 тг.; 3. ұшып келетін ересек жолаушыға қызмет көрсету 30 000 тг .; 4. ұшып келетін 4 жастан 15 жасқа дейінгі балаға қызмет көрсету 15 000 тг.
Халықаралық және ішкі терминалдарда ана мен балаға арналған бөлме бар Терминал-1: 1-қабатта (жалпы аймақ); 2- және 3- қабатта (ұшу аймағы), Терминал-2: 2-қабатта (жалпы аймақ, ұшу аймағы).
Толық ақпаратты ұшу/саяхат кезінде пайдаланғыңыз келетін әуекомпаниядан алуға болады.
ішкі және халықаралық ұшу терминалдарына кіре берістерде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына жататын жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі агенттерді шақыру үшін батырмалар бар. Әуежайға келгеннен кейін жүріп-тұруы шектеулі жолаушы осы батырманы пайдаланып, агентті шақыра алады. Сонымен қатар, жүріп-тұруы шектеулі жолаушыларға ыңғайлы болу үшін Астана қаласының әуежайында +77710330031 кезекші телефон бар. Агенттерді күту уақыты 15 минутқа дейін. Терминалдарда (Т1 және Т2) арнайы жабдықталған бөлмелер мен санитарлық тораптар бар. Жүріп-тұруы шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету кезектен тыс жүзеге асырылады.
Әуежайдың бірінші желісінде орналасқан мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін тұрақ орындарына мүгедектіктің бірінші және екінші топтарының жүргізушілері, мүгедектік тобын көрсетпей тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты бұзылған немесе көру қабілеті толық жоғалған адамдарға қызмет көрсететін көлік құралдарының жүргізушілері жіберіледі. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тұрақ орындарының шектеулі санына байланысты Қоғам өз мүдделері үшін жоғарыда аталған топтарға жатпайтын адамдардың көрсетілген тұрақ орындарына келу жағдайларын болдырмау бойынша жұмыс жүргізуде. Осыған байланысты кезекші операторлар растайтын құжаттарды ұсынуды сұрайды. Түсіністікпен қарауды сұраймыз және қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Қосымша сұрақтар бойынша 777-096, 77088882023 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Әуежайдың бейнебақылау камераларынан бейнематериалдар Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнаулы және сот органдарының жазбаша сұрау салуы бойынша ұсынылуы мүмкін. Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 06 мамырдағы №305 қаулысымен бекітілген «Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талаптардың» 66-тармағына сәйкес, бейнебақылау жүйесінің бейне ақпаратын сақтау мерзімі 30 тәулікті құрайды.

Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттардың талаптарына сәйкес адамдарды әуежайдың бақыланатын аймағына жіберу әуежай басшылығының атына жолданған негізделген хаттар-өтінімдер негізінде берілген белгіленген үлгідегі рұқсатнамалар бойынша, қажет болған жағдайда қатысушы мемлекеттік органдармен (Қазақстан Республикасының кеден, шекара, арнаулы органдары) келісу бойынша жүзеге асырылады. Бұдан басқа, рұқсатнамаларды дайындау және беру бойынша қызметтер рұқсатнамаларды дайындау және беру бойынша қызмет көрсету туралы Қоғаммен жасасқан шарт негізінде ақылы /өтеулі түрде жүзеге асырылады. Әуежай рұқсатнамаларын ресімдеуге қатысты толығырақ ақпаратпен танысу мақсатында https://www.nn-airport.kz/pages/id_passes сілтеме бойынша өту қажет.

««Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі №339-IV Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабына сәйкес, «Багаж тiркелгеннен кейiн оның сақталуына авиакомпания жауапты болады.». Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №540 бұйрығымен бекітілген «Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларының» 55-тармағына сәйкес, " Багаж тiркелгеннен кейiн оның сақталуына авиакомпания жауапты болады", бірақ бұл ретте жолаушы ұшып келу аймағынан шықпай багажды іздестіру жөніндегі агенттерге жүгіне алады және багажды алмау туралы актіні толтырады. Осыған байланысты багажды іздестіру қызметіне мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуды ұсынамыз: 1. «SCAT» әуекомпаниясы - 8(7172)77-79-58, +7 (7172) 55 85 45 (қосымша 336); 2. «Air Astana» әуекомпаниясы - 8702-702-02-51, 8-702-702-02-88, 8(7172) 28-64-73; 3. «Scat» және «Air Astana» әуекомпанияларын қоспағанда, басқа әуекомпаниялар бойынша әуежайдың багажды іздестіру қызметіне 8-7172-777482, 8-777-533-21-52 телефондары бойынша жүгіну қажет. Багаж биркасын, отырғызу талонын ұсынып, алынбаған багажды сипаттау және байланыс жасау үшін барлық қажетті байланыс деректерін қалдыру қажет. Әрі қарай, әуекомпанияңыздың багажды іздестіру жөніндегі жұмыскерлері багаж келмеуі туралы акт жасап, осы багажды іздеу рәсімін бастайды.

Құжаттарды/хат-хабарларды Қазақстан Республикасының шегінде немесе Қазақстан Республикасынан тыс басқа қалаға жіберу үшін (нақтылау қажет) әуежайда орналасқан әуекомпаниялардың кеңселеріне жүгінуді немесе әуекомпаниялардың сайтындағы "поштаны жіберу" бөліміне кіруді ұсынамыз.
Астана қаласы әуежайының тұрақ кеңістігіне қызмет көрсетумен «Smart Parking Technologies» ЖШС (бұдан әрі - Компания) айналысады. Осыған байланысты есептелген қарызды/айыппұлды жою мәселесін шешу үшін келесі байланыстар бойынша хабарласуды ұсынамыз: nsairportacc@parqour.com + 7-705-599-24-43 Мадияр, компания үйлестірушісі. Қосымша сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласуға болады: + 7-717-277-70-96, + 7-708-888-20-23 Астана қаласы әуежайының Коммерция департаменті (Балкеев Асанали).

Астана қаласының әуежайымен жоғарыда аталған шарттарды жасасу мәселелері бойынша Сізге a.balkeev@nn-airport.kz мекенжайына банк деректемелерін ұсыну қажет. Қосымша сұрақтар бойынша Астана қаласы әуежайының коммерция департаментіне мына нөмірлер бойынша: +7 (7172) 77-70-96, +7-708-888-20-23 коммерция департаментінің маманы Асанали Балкеевке; + 7 (7172) 77-78-98 ВИП/ССП залдарында қызмет көрсету шарттары бойынша коммерция департаментінің маманы Гүлдана Жапароваға хабарласа аласыз.

Астана қаласының әуежайында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған әуежайдың бірінші желісінде орналасқан арнайы бөлінген тұрақ орындары бар. Бірінші және екінші топ мүгедектігі бар жүргізушілерге, мүгедектік тобын көрсетпей тірек-қимыл аппараты бұзылған жүргізушілерге, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты бұзылған немесе көру қабілеті толық жоғалған адамдарға қызмет көрсететін көлік құралдарының жүргізушілеріне рұқсат беріледі. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған тұрақ орындарының саны шектеулі болуына байланысты, Астана қаласының әуежайында жоғарыда аталған топтарға жатпайтын адамдардың көрсетілген тұрақ орындарына көліктерін қою жағдайларын болдырмау бойынша жұмыс жүргізілуде. Осыған байланысты кезекші операторлардың растайтын құжаттарды ұсыну туралы өтініштеріне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Қосымша сұрақтар бойынша коммерция департаментінің маманы Асанали Балкеевке 8(7172) 777-096, 7708-888-20-23 телефондары арқылы хабарласуға болады.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық» АҚ екі терминал бар: Халықаралық рейстер терминалы және Ішкі рейстер терминалы. Халықаралық рейстер терминалында ұшу аймағында діни рәсімдерді орындауға арналған 1 бөлме (ерлер) және 1 аймақ (әйелдер) бар. Ішкі рейстер терминалында 3 бөлме бар: ұшу аймағында 1 жалпы бөлме және жалпы залда ерлер мен әйелдерге арналған бөлмелер бар.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 шілдедегі № 548 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселердің, сондай-ақ есірткінің барлық түрлері тізбесінің 4-тармағына сәйкес, қол жүгінде тасымалдауға тыйым салынған заттар мен нәрселер: сыйымдылығы 100 миллилитрден асатын ыдыстардағы сұйықтықтар, аэрозольдер мен гельдер, оның ішінде. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының авиациялық қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес ет тасымалдауға тыйым салынбағанын хабарлаймыз. Алайда, кейбір авиакомпаниялардың қағидалары белгілі бір азық-түлік өнімдерін тасымалдаумен шектелуі немесе тыйым салынуы мүмкін екенін ескере отырып, сапар алдында тиісті авиакомпаниядан алдын ала кеңес алуды ұсынамыз. Байланыс телефондарын авиакомпанияның ресми сайтынан немесе мобильді қосымшасынан қарауды ұсынамыз.
Қазақстан Республикасының авиациялық қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес ет тасымалдауға тыйым салынбайды. Алайда, кейбір авиакомпаниялардың ережелері белгілі бір азық-түлік өнімдерін тасымалдауы шектелуі немесе тыйым салынуы мүмкін екенін ескере отырып, ұшар алдында тиісті авиакомпаниямен алдын ала кеңесуді ұсынамыз. Сапар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуді көздейтін жағдайларда, шикі етті тасымалдау нормалары мен қағидалары туралы кеңес алу үшін Қазақстан Республикасының кедендік бақылау саласындағы уәкілетті органдарға алдын ала жүгіну қажет.
Бұл мәселені қарау әуежайдың құзыретіне кірмейді. Нормадан асып кеткен жолжүктің бағасы авиакомпанияның қағидаларымен белгіленеді. Толығырақ ақпарат алу үшін авиакомпанияға қоңырау шалуды немесе авиакомпанияның ресми сайтынан ақпаратты қарауды ұсынамыз.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық» АҚ-да «Эйр Астана» және «Флай Арыстан» әуекомпанияларының ішкі рейстеріне жолаушылардың өзін-өзі тіркеу дүңгіршектері бар.

Қайтыс болған адамның мәйітін басқа қалаға авиациялық көлікпен тасымалдау үшін жөнелтуші авиакомпанияға немесе жүк тасымалдау агенттігіне жүгіну қажет. Табыттардағы адам мәйіті, жануарлардың сүйектері, урналардағы кремацияланған мүрделер жолаушылар және жүк әуе кмелерінде олар тиісті қапталған және талап етілетін құжаттар болған жағдайда тасымалдануы мүмкін: 1. Қайтыс болу туралы куәлік (көшірме); 2. Қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын құжат (көшірмесі); 3. Мәйітті бальзамдау туралы медициналық куәлік; 4. Мырышталған табытты тдәнекерлеу және бөгде заттардың болмауы туралы акт; Марқұмды әуе көлігімен тасымалдау кезінде мәйіті мырышталған, герметикалық дәнекрленген табытқа салынып, іші ылғал сіңіретін затпен толтырылуы тиіс. Метал табыт ұшақтың багаж бөлімінде тасымалдау үшін ағаш, тығыз қиюластырылған жәшікке салынады. Ағаш жәшіктің өлшемдері мынадан аспауы тиіс: Ені - 600 мм, биіктігі - 500 мм, ұзындығы-2000 мм. Әр түрлі факторларға байланысты (мүрделердің ерекшелігі, межелі пункті және т.б.) жоғарыда аталған тізім жеткіліксіз болған жағдайда қосымша құжаттар мен процедуралар қажет болуы мүмкін. Авиатасымалдау қағидаларына сәйкес мырыш жәшікті ұшақтың багаж бөліміне ұшуға дейін 3 сағаттан кешіктірмей тиеу керек, сондықтан барлық рәсімдерді жүргізу үшін күтілетін ұшу уақытынан 4-5 сағат бұрын жүк терминалына тасымалдауды жүзеге асыру қажет. Тасымалдаудың құны мәйіт салынған мырыш контейнердің көлемі мен салмағына, бағытына байланысты болады.

Бұл мәселені қарау әуежайдың құзыретіне кірмейді. Жануарлармен саяхат авиакомпания қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қағидалармен әуекомпанияның ресми сайтынан танысуға болады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығымен бекітілген Әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларына сәйкес, рейстің мәртебесі өзгерген кезде тасымалдаушы оған осындай өзгеріс туралы белгілі болған сәттен бастап жолаушыны ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және билет сатып алғанда көрсетілген электрондық пошта мекенжайы бойынша хабардар етеді, сондай-ақ әуежайда: рейс мәртебесінің және ұшудың жаңа уақытының өзгеру себептері және (немесе) жаңа маршрут туралы; егер өзгеріс тасымалдаушының кінәсінен немесе әуе кемесінің кеш келуі салдарынан болған жағдайда, рейс мәртебесінің өзгеруіне байланысты тасымалдаушы ұсынатын қызметтер тізбесі туралы хабарлайды. Тасымалдаушының кінәсінен рейс мәртебесі өзгерген немесе әуе кемесінің кеш келуі салдарынан рейс мәртебесі өзгерген кезде тасымалдаушы жөнелту пункттерінде және аралық пункттерде жолаушылар үшін мынадай қызметтерді ұйымдастырады: 1) жеті жасқа дейінгі баласы бар жолаушыға ана мен бала бөлмесін (бар болса) ұсынады; 2) рейстің жөнелтілуін екі сағаттан артық күткен кезде ұзақтығы бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын, оның ішінде халықаралық байланыс желілері бойынша немесе электрондық пошта арқылы екі хабарлама жіберуді ұсынады; 3) рейстің жөнелтілуін екі сағаттан артық күткен жағдайда салқын сусындармен қамтамасыз етеді; 4) рейстің жөнелтілуін төрт сағаттан артық және одан көп күткен жағдайда ыстық тамақпен қамтамасыз етеді: әр алты сағат сайын - күндізгі уақытта; әр сегіз сағат сайын – түнгі уақытта. 5) рейстің ұшуын күндізгі уақытта сегіз сағаттан артық және түнгі уақытта алты сағаттан артық күткен кезде қонақүйде орналастыруды авиакомпания ұсынады; 6) авиакомпания ұсынатын көлікпен әуежайдан қонақүйге дейін және қонақүй қосымша ақысыз ұсынылған жағдайда кері жеткізуді қамтамасыз етеді. Тасымалдаушының кінәсінен рейс мәртебесі жолаушының таңдауы бойынша бес сағаттан артық мерзімге өзгерген кезде тасымалдаушы: - осы тармаққа сәйкес қызметтерді ұсына отырып, жолаушыны билетте көрсетілген межелі орынға дейін ең жақын рейспен тасымалдауды қамтамасыз етеді; - жолаушыға билеттің толық құнын қайтарады. Жоғарыда аталған барлық қызметтер жолаушыларға қосымша ақы алынбай ұсынылады. Өтемақы төлемдерін алу үшін жердегі қызмет агенттеріне немесе тасымалдаушы авиакомпанияның Call Centre қызметіне хабарласу қажет.
Жолжүктің зақымдануы анықталған жағдайда, жолаушы әуежайдың ұшып келу залынан шықпай-ақ «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ жолаушыларға қызмет көрсету қызметінің жолжүкті іздестіру жөніндегі агенттеріне жүгінуі тиіс.
Сақтау камерасы қызметтерін ұсыну құны: Сағатына 1 орын - 900 теңге Тәулігіне 1 орын - 1 800 теңге Үш тәуліктен артық 1 орынға, әрбір келесі тәулік үшін – 1 200 теңге.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 шілдедегі № 548 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселердің, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесімен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033197 Қосымша (нақты) мәселелер туындаған жағдайда әуежайға немесе тиісті авиакомпанияға хабарласып, алдын ала кеңес алу қажет.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 шілдедегі № 548 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселердің, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесінің 4 тармағына сәйкес, дәрі-дәрмектерді, нәресте сүтін (тамақтануды) тасымалдау және арнайы диеталық немесе басқа медициналық қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша ерекшеліктер қарастырылған. Осыған байланысты, ұшу уақытына қажетті көлемде дәрілік препараттарды және балалар тамағын қол жүгінде тасымалдауға жол беріледі.
Толық ақпарат алу үшін Шекаралық бақылау бөліміне хабарласуды немесе ақпаратты ресми сайттан қарауды ұсынамыз.
Толық ақпарат алу үшін Ветеринарлық бақылау бекетіне хабарласуды немесе ақпаратты ресми сайттан қарауды ұсынамыз.


Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ