Фито-санитариялық бақылауды өту қағидаларымен танысыңыз
Рейстер бойынша ақпарат
Жарнамаға арналған орын
250x250
Қазақстан Республикасының
«Өсімдіктер карантині» туралы Заңынан үзінді
(11 ақпан 1999 жыл, №344-І, 13 бап, 2-1-т.)
13 баптың 21-тармағы. Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге тыйым салынады:
Кеден одағының кедендік шекарасында карантиндік
фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды)
жүзеге асыру тәртібі туралы Ережесінен үзінді
(Еуразиялық экономикалық одағы Комиссиясының
2010 жылдың 18 маусымындағы №318 Шешімі)
III. Әкелу кезіндегі карантиндік фитосанитариялық бақылауды
жүзеге асыру туралы жалпы ережелер
3.1. Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына әкелінетін Карантинге жатқызылған өнімдер тізіміне енгізілген әрбір карантинге жатқызылған өнімдердің легі карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жатқызылады.
Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына әкелінетін жоғары тәуекелге жататын карантинге жатқызылған өнім легіне берілетін фитосанитарлық сертификат Тараптардың халықаралық келісімдерімен өзгеше көзделмеген болса Тараптартардың бірінің мемлекеттік тілінде және (немесе) ағылшын тілінде толтырылады.
3.7. Кедендік ресімдеу аяқталатын орынға әкелген кезде Карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) келесі бақылау шараларын қарастырады:
1) құжаттарын тексеру;
2) көлік құралдарын қарау – егер кедендік ресімдеу аяқталатын орын карантинге жатқызылған өнімді жеткізу орны болып табылатын болса;
3) карантинге жатқызылған өнімді қарау – төмен фитосанитарлық тәуекелге жататын карантинге жатқызылған өнімге қатысты;
4) карантинге жатқызылған өнімді қарау немесе тексеріп қарау – в отношении жоғары фитосанитарлық тәуекелге жататын карантинге жатқызылған өнімге қатысты, ішінара, фитосанитарлық тәуекелді басқару жүйесін ескере отырып;
5) карантинге жатқызылған өнімді тексеріп қарау – қарау немесе тексеріп қарау нәтижесінде уәкілетті органның лауазымды тұлғасымен карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру туралы шешім қабылданған жағдайда, карантинге жатқызылған өнімді заласыздандырғаннан кейін.
Кеден одағының кедендік аймағында карантиндік
фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды)
жүзеге асыру тәртібі туралы Ережесінен үзінді
(Еуразиялық экономикалық одағы Комиссиясының 2010 жылдың
18 маусымындағы №318 Шешімі)
III. Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аймағында карантиндік фитосанитарлық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру тәртібі
3.1. Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аймағында карантиндік фитосанитарлық бақылау (қадағалау) карантинге жатқызылған өнім баратынжеріндегі мемлекеттік фитосанитарлық талаптарына сәйкестілігін тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
3.3. Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аймағында Карантиндік фитосанитарлық бақылауды (қадағалуды) жүзеге асыру процедурасы кеден одағына мүше-мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес келесі бақылау шараларын қарастыра алады:
1) құжаттарын тексеру;
2) карантинге жатқызылған өнімді қарау;
3) карантинге жатқызылған өнімді қарап тексеру.
«Қазақстан Республикасы аумағын карантиндік
объектілерден және бөтен текті түрлерден
қорғау жөніндегі қағидасынан» үзінді
(Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-4/500 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 8 қыркүйекте № 12033 болып тіркелді)
Параграф-4. Карантинге жатқызылған өнімді мемлекетішілік тасымалдау
кезіндегі қорғау тәртібі (өсімдіктердің ішкі карантині)
Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының карантиндік аймақтарынан әкетуге карантиндік сертификаттар беруді уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары, Мемлекеттік корпорация жүргізеді.
Карантиндік сертификаттарды беруге арналған құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған жағдайда, карантиндік сертификаттарды Мемлекеттік корпорация уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі жолдайды.
1) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжат және өтінім берушінің өкілдік ету өкілеттілігін куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
Уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі өтінімді қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі көрсетілген мерзімдерде өтінімді әрі қарай қараудан уәжді бас тарту береді.
Егер тасымалдаушы өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүргізу үшін карантинге жатқызылған өнімді көрсетуден бас тартқан жағдайда, ол иесінің қаражаты есебінен жөнелтушіге қайтаруға жатады, ол туралы осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес карантинге жатқызылған өнімді қайтару актісі жасалады, бұл туралы өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелерін хабардар етедi.
«Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы
және кедендік аумағына әкелінетін карантинге жатқызылған
өнімдерге және карантинге жатқызылған объектілерге
қойылатын бірыңғай карантиндік
фитосанитариялық талаптардан» үзінді
(Еуразиялық экономикалық одағы Комиссиясының
2016 жылғы 30 қарашадағы №157 шешімі)
9.Одақтың кедендің аумағына жалпы салмағы 5 килограммнан аспайтын жоғары фитосанитариялық тәуекелге жатқызылған карантиндік өнімді, осы Талаптардың 10 пунктінне қарастырылған жағдайдан басқа, сонымен қатар, кеме, ұшақ, поезд вагодарының, автокөлік құралдарының, кеме, ұшақ, поезд бригадаларының мүшелері және авто көлік құралдарыныың жүргізушілеріне қол жүгімен Одақтың кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын 3 букеттен аспайтын гүлдерді фитосанитариялық сертификатсыз әкелуге рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-4/500 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 8 қыркүйекте № 12033 болып тіркелді.
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес);
3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 40 (қырық) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінімді әрі қарай қараудан уәжді бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінімді қабылдаудан бас тартады және жоқ құжатты көрсете отырып, қолхат береді.
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – карантиндік сертификат немесе осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша уәжді бас тарту;
2) порталда – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен орны көрсетілген электрондық құжат нысанындағы рұқсат беру құжатының дайындығы туралы хабарлама.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабына сәйкес.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17-30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
3) Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша электрондық кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті www.egov.kz электрондық порталы арқылы "броньдауға" болады.
көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжат және көрсетілетін қызметті алушының өкiлдiгіне өкiлеттiлiгiн куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) ұсынады.
Порталға жүгінген кезде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті беруші және көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – көшірмесінде құжаттардың топтамасын қабылдау күні мен уақытын және құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растайды;
Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік корпорацияда карантиндік сертификатты көрсетілетін қызметті алушыға беруді оның жұмыскері жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде (не оның өкіліне нотариалды сенімхат бойынша, заңды тұлғаға өкілеттігін растайтын құжат бойынша) қолхат негізінде жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға береді.
1) көрсетілетін қызметті алушының карантинге жатқызылған өнімді карантиндік жай-күйін айқындау үшін ұсынбауы;
2) қараөрік шаркасы (Plum Pox Potyvirus) бар жемістер мен жидектерді, жалған қалқаншалы және қалқаншалы сымырларды қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің анықталуы;
3) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторына карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы бірнеше рет (2 рет және одан көп) хабарламау және жете тексеруге ұсынбау, межелі орнының өзгеру жағдайларын қоспағанда, уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесінен ақпарат алғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде карантиндік сертификатты беруден бас тартуға негіз болып табылады;
4) көрсетілетін қызметті алушы карантиндік сертификатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықтауы;
5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) карантиндік сертификатты алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, карантинге жатқызылған өнімнің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты карантиндік сертификатты алумен байланысты қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 40 (қырық) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінімді әрі қарай қараудан уәжді бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінімді қабылдаудан бас тартады және жоқ құжатты көрсете отырып, қолхат береді.
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – фитосанитариялық сертификат немесе осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша уәжді бас тарту;
2) порталда – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен орны көрсетілген электрондық құжат нысанындағы рұқсат беру құжатының дайындығы туралы хабарлама.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші белгілеген жұмыс кестесіне сай.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17-30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
3) Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастапсенбіні қоса алғанда түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша электрондық кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті www.egov.kz электрондық порталы арқылы "броньдауға" болады.
көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжат және көрсетілетін қызметті алушының өкiлдiгіне өкiлеттiлiгiн куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) ұсынады.
Порталға жүгінген кезде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті беруші және көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – көшірмесінде құжаттардың топтамасын қабылдау күні мен уақытын және құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанына растау болып табылады;
Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік корпорацияда фитосанитариялық сертификатты көрсетілетін қызметті алушыға беруді оның жұмыскері жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде (не оның өкіліне нотариалды сенімхат бойынша, заңды тұлғаға өкілеттігін растайтын құжат бойынша) қолхат негізінде жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға береді.
1) көрсетілетін қызметті алушының әкетілетін карантинге жатқызылған өнімді карантиндік жай-күйін айқындау үшін ұсынбауы;
2) импорттаушы елдің (экспорт кезінде) талаптарымен карантинге жатқызылған өнімде анықталған карантиндік объектілердің болуы рұқсат етілетін жағдайларды қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің анықталуы;
3) импорттаушы елдің фитосанитариялық талаптарға сәйкессіздігінің анықталуы (экспорт кезінде);
4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды адамына карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы бірнеше рет (2 рет және одан көп) хабарламау және жете тексеруге ұсынбау межелі орнының өзгеру жағдайларын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тиісті уәкілетті мемлекеттік органынан ақпарат алғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде фитосанитариялық сертификатты беруден бас тартуға негіз болып табылады;
5) көрсетілетін қызметті алушы фитосанитариялық сертификатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықтауы;
6) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) фитосанитариялық сертификатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, карантинге жатқызылған өнімнің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты фитосанитариялық сертификатты алумен байланысты қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
Толығырақ ақпаратты:
1) әуежайдың жүк терминалында орналасқан фитосанитариялық бақылау бекетінен (өсімдіктер карантині қызметінен),
телефоны: +7 (7172) 286 506
2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша
аумақтық инспекциясынан алуға болады
Мекен-жайы: Желтоқсан көшесі, 28А, телефоны: +7 (7172) 32 72 88
Сенім телефондары:
8 (7172) 327233
8 (7172) 327271
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: