Қаруды, оқ-дәрілерді және арнайы құралдарды тасымалдау
Арнайы қызметтер
Жарнамаға арналған орын
250x250
Астана қаласының әуежайынан ӘК қару мен оның оқ-дәрілерін тасымалдауды жоспарлап отырған жолаушылар ұшуға дейін 72 сағаттан кешіктірмей Қоғамның www.office@nn-airport.kz электрондық поштасына сұраным жолдауы тиіс.
Қаруды тасымалдауға арналған сұранымда келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс:
- қарудың сипаттамасы және саны;
- қарудың моделі, сериялық және табельдік нөмірі;
- пайдалану мақсаты;
- партондардың сипаттамасы және саны.
Жөнелту әуежайында қаруды тасымалдауға қабылдауды, қажетті құжаттарды ресімдеуді, ӘК бортына жеткізуді авиациялық қауіпсіздік қызметінің (бұдан әрі – АҚҚ) қызметкері жүзеге асырады.
Ұшу кезеңінде уақытша сақтау үшін жолаушыдан қаруды қабылдау үш дана хаттамамен ресімделеді, оған жолаушы-қарудың иесі және әуежайдың АҚҚ қызметкері қол қояды. Актінің бірінші данасына Тасымалдаушы да қол қояды және жөнелту әуежайының АҚҚ қалады, екінші данасы Тасымалдаушыға беріледі, ал үшіншісі межелі әуежайда қаруды алу үшін жолаушыға беріледі. АҚҚ қызметкері қару иесі-жолаушыға оны межелі әуежайда алу тәртібі туралы түсіндіреді.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: