Әуежай туралы ақпараттан хабардар болу үшін сайтымызға тіркеліңіз
Жүк 200
Жүк жөнелтушілер үшін мәйіт салынған табытты (жүк 200) әуе көлігімен тасымалдау бойынша қосалқы ақпарат
Қайтыс болған адамның мәйітін басқа қалаға авиациялық көлікпен тасымалдау қажет болған жағдайда өтінім бойынша және авиакомпаниямен міндетті келісім бойынша «Жүк 200» тасымалдауға рұқсат беріледі.
Табыттардағы адам сүйектері, жануарлардың сүйектері, урналардағы кремацияланған сүйектер оларды тиісті түрде ораған және талап
етілетін құжаттар болған жағдайда жолаушылар және жүк ӘК-де тасымалдануы мүмкін.
Жүк 200 авиациялық көлікпен тасымалдауды ресімдеу кезіндегі ілеспе құжаттардың тізбесі:
• қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын құжат (нотариуспен куәландырылған көшірме);
• еріп жүретін адамның жеке басын куәландыратын құжат;
• медициналық мекеменің өлім себептері туралы қорытындысы (ХҚКО беріледі);
• жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық станциядан тасымалдауға рұқсат туралы анықтама (қайтыс болған жерде);
• Бальзамдау туралы медициналық анықтама;
• Мырышталған табытты дәнекерлеу және бөгде заттардың болмауы туралы акт (жергілікті атқарушы билік, полиция органдары өкілдерінің қолы).
• Қосымша құжаттар (шетелге экспорттау):
• Виза көшірмесі;
• Елшіліктің шығаруға рұқсаты.
Қосымша:
Қайтыс болған адамды әуе көлігімен тасымалдау кезінде сүйектері мырышталған, герметикалық дәнекерленген, ішінен ылғалды сіңіретін затпен толтырылған табыттарда орналастырылуы тиіс. Металл табыт жүк бөлімінде тасымалдауға арналған тығыз салынған ағаш жәшікке салынады. Ағаш жәшіктің өлшемдері мынадай мәндерден аспауы тиіс:Ені - 600 мм, биіктігі - 500 мм, ұзындығы - 2 000 мм.
Әр түрлі факторларға байланысты (қалдықтардың ерекшелігі, белгіленген пункт және т.б.) жоғарыда көрсетілген тізбе жеткіліксіз болатын қосымша құжаттар мен рәсімдер талап етілуі мүмкін.Төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша жүк терминалының хабарлаушылары авиакомпаниялардың уәкілетті агенттерінің байланыс деректерін ұсынады, олар әуе кемесінің бортында орын брондай алады және белгіленген тарифтерге сәйкес авиатасымалдауды ресімдей алады.
Тасымалдау құны денесі бар мырыш контейнерінің бағытына, көлеміне және салмағына байланысты.Төменде ең танымал бағыттар бойынша жүк 200 жіберудің орташа бағасы келтірілген:
Эйр Астана (www.airastana.com)
Ақтөбе, Орал
41 875 тг.
Атырау
44 400 тг.
Ақтау (Атырау а/ы)
40 975 тг.
Алматы
47 875 тг
Шымкент
42 325 тг
Қызылорда, Қостанай,
35 125 тг
Павлодар
38 125 тг
Өскемен
36 625
Скат (www.scat.kz)
Ақтөбе, Атырау, Орал
58 150 тг
Алматы
68 275 тг
Шымкент
61 125 тг
Қызылорда, Тараз, Өскемен
51 400 тг
Ақтау
58 900 тг
Бұл сомалар агенттің комиссиялық алымдарын есепке алмағанда тікелей авиакомпанияға төленеді.
Адам сүйектерін СКАТ а/к жіберу кезінде жөнелтудің техникалық мүмкіндігін растай отырып, авиакомпаниядан алдын ала жазбаша рұқсат алу қажет (жолаушылардың көп болуы кезінде, техникалық себептер бойынша тасымалдаудан бас тарту ықтималдығы бар).
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Ауызша нысанда берілген жолданымды әкімшілік органның жолданымды қабылдаған лауазымды адамы немесе жұмыскері жекелеген хаттамаға енгізеді.
Жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда берілген жолданымда, хаттамада:
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
жолданымның мәні;
жолданымның берілген күні;
арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:
қолма-қол;
Қазпошта» АҚ және пошта байланысының басқа түрлері (курьерлік қызмет, жеделдетілген және т. б.) арқылы жіберу;
«eOtinish» бірыңғай өтініш беру платформасының сілтемесі бойынша: https://eotinish.kz.