Қызметтерді әуежай ұсынады
Арнайы қызметтер
Жарнамаға арналған орын
250x250
Әуежай аумағында
Жұмыс уақыты: тәулік бойы
Қысқаша ақпарат
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы авиакомпанияларға мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың қозғалысына (мүгедектер арбалары, амбулифтер және т.б. ұсыну) көмек көрсету бойынша қызмет ұсынады. Әуежай аумағында мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған қызметтер тегін көрсетіледі.
Осы санаттағы азаматтарға қызмет көрсету үшін алдын-ала өтінім беру міндетті шарт болып табылады. Өтінім авиабилетте көрсетілген ұшу/қону уақытына дейін 48 сағат бұрын берілуі тиіс.
Әуежайға келгеннен кейін мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың автомашиналарына арналған вокзал маңы алаңындағы арнайы тұрақта орналасқан шақыру орны арқылы хабарласу, әуежайдың ақпарат бюросына жүгіну немесе 8 (7172) 702-999 телефон нөміріне қоңырау шалу қажет.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының инфрақұрылымы денсаулығының мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың қажеттіліктеріне сәйкес, үнемі жетілдіріліп өтеді.
Сіз немесе Сіздің отбасыңыз осы санаттағы жолаушылар қатарына жатсаңыздар және ұшуды жоспарласаңыздар, авиабилеттерді брондау және сатып алу кезінде міндеті түрде Сізге әуежайда және ұшу кезінде арнайы қызмет және көмек керек екенін хабарлаңыз. Осы қызметтер қажет болған жағдайда авиатасымалдаушыға немесе авиабилеттерді сату жөніндегі агентке сатып алу кезінде, бірақ ұшуға 48 сағат қалғанға дейін хабарлау керек. Жолаушының физикалық жағдайы ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайда тасымалдаушы тасымалдаудан бас тартуға құқылы.
Астана әуежайына ұшып шыққан рейске тіркелу кезінде қонған кезде қандай арнайы қызметтер мен көмек қажет екенін міндетті түрде хабарлаңыз. Егер Сіз әуежайда өзін-өзі тіркеу дүңгіршегінде, авиакомпания сайтында немесе мобильді тіркеуді пайдалып өз бетінше өтсеңіз қонатын әуежайда Сізге қажет қызметтер туралы белгі енгізу ұшатын әуежай тіркеу орнына жолығыңыз.
Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында әуе кемесі қонғаннан кейін, азаматтық авиация бекітілген қағидаларына сәйкес, барлық жолаушыларды түсіргеннен кейін алып жүру және көмектесу қызметі көрсетіледі.
Сізге әуе кемесінен түсіру, багаж алу және қажеттілігіне байланысты автокөлікке дейін алып жүру көмегі ұсынылады.
Барлық авиакомпаниялардың рейстеріне мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды тіркеу кезексіз жүргізіледі. Қажет болған жағдайда Сізге шекара және кедендік бақылауда тіркеуден өтуге, багаж жеткізуге көмек көрсетіледі.
Әуе кемесінде багажды және оның өлшемдерін тегін тасымалдау нормасын авиакомпания белгілейді. Әуе кеменің бортында қолжүгін немесе тіркелген багаж ретінде жеке тасымалдау құралдарын тасымалдау кезінде шектеуді авиакомпания белгілейді. Жолаушы пайдаланатын электр жетегі бар мүгедек кресло-арбасы рейске тіркелу кезінде тапсырылады.
Әуе көлігімен қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау бойынша ИКАО Техникалық нұсқаулықтарына сәйкес, сұйық электролиті бар арбаны пайдаланатын жолаушылар кресло-арбасына аккумулятор клеммасы мен аккумулятор үшін ораманы ажырату үшін кілт/ құралдар жиынтығы өзінде болу қажет. Электр жетегі бар кресло-арба аккумуляторының клеммасын ажыратуды және қосуды жолаушылар өздігінен немесе қызметке қажеттілік туралы сұраным бойынша - әуежай жұмыскерлері жүзеге асырады.
Егер Сіз балалармен саяхаттасаңыз, ана мен бала бөлмесін пайдалана аласыз.
Егер Сізге медициналық көмек қажет болса және маман кеңесі керек болса, аэровокзал ішкі әуе желілер қону блогінің бірінші қабаттағы медициналық пунктке жүгініңіз (тел 8 (7172) 777-203).
Әуе кемесінің бортына тіршілік ету мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың денсаулығына байланысты әуе кемесіне алып жүруді және отырғызуды әуежай қызметкерлері жедел жәрдем машинасында, амбулаторлық лифтіде, жеке көлікпен, қажет болған жағдайда білікті медициналық жұмыскердің алып жүруімен орындалады.
Әуежайда мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсетумен байланысты барлық мәселелер бойынша тәулік бойы келесі телефон арқылы хабарласуға болады:
Байланыс орталығы (біріңғай анықтама)
Медициналық қызмет көрсету
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: