Рейске тіркелу жайлы ақпарат
Рейстер бойынша ақпарат
Жарнамаға арналған орын
250x250
Т1 терминалы - бірінші қабат, Т2 терминалы - екінші қабат
Жұмыс уақыты: тәулік бойы
Тіркелу туралы қысқаша ақпарат
Халықаралық бағыттар бойынша ұшатын жолаушылардың билеттерін тіркеу және жүктерін ресімдеу Терминал 1 (Т1) бірінші қабатында орналасқан 26–тіркеу орындарында, ішкі бағыттар бойынша Терминал 2 (Т2) екінші қабатында орналасқан 24-тіркеу орындарында жүргізіледі. Сондай-ақ, әрбір сервистік қызмет көрсететін VIP ХӘЖ (халықаралық рейстерге арналған), CIP ІӘЖ (ішкі рейстерге арналған) залдарында түрлі санаттағы жолаушыларды тіркейтін жеке тіркеу орындары бар.
Тіркеу процесі тіркеудің автоматты әдісі SITA DCS жүйесін қолдану және авиакомпаниялардың басқа да жүйелері арқылы жүзеге асырылады.
Халықаралық бағыттағы рейстерге тіркелу әдеттегідей ұшуға дейін 3 сағат бұрын басталады және ұшуға 40 минут қалғанда аяқталады. Ішкі бағыттағы рейстерге тіркелу ұшуға дейін 90 минут бұрын басталады және ұшуға 40 минут қалғанда аяқталады.
Белгіленген төлем жасау қажет нормадан асатын багажды, басқа багажды тегін алып өткені үшін тасымалдаушы белгілеген тариф бойынша төлем алынады. Осындай багажды тасымалдауға төлем жасау үшін жолаушы рейске тіркелген кезде авиакомпания өкіліне, ал өкіл болмаған жағдайда рейске тіркеуші агенттерге жүгіну қажет.
Жолаушылар билеттерін ресімдегеннен кейін отырғызу бақылауына өтеді, бұл да тіркеуден өткен барлық жолаушылардың әуе кемесіне отыруға өткендігін анықтайтын автоматты жүйенің көмегімен жүргізіледі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: әуежай тыныш әуежай режимінде жұмыс істейді, осыған байланысты рейске тіркеу/отырғызу ашылғаны/жабылғаны туралы дыбыстық хабарландыру болмайды. Жолаушылар ұшып келу/ұшу залдарында орнатылған ақпараттық табло арқылы хабардар етіледі. Рейстердің өзгерістерін ақпараттық табло арқылы қадағалап отыруыңызды сұраймыз.
Сапарларыңыз сәтті болсын!
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: