Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Көкшетау халықаралық әуежайы
Жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар
Әуежай туралы
Жарнамаға арналған орын
250x250
Әуежай туралы ақпараттан хабардар болуға сайтымызға тіркелініз
Шағын ақпарат
Әуе кеменің кеш келуіне байланысты рейстің кешігуі/ауыстыру немесе мүлдем болдыртпау кезінде, сонымен қатар ұшу бағытының өзгеруі кезінде авиатасымалдаушы жолаушылар үшін ұшу пунктінде немесе аралық пункте күту үшін жайлылық жасау қажет («Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР Заңының 86-бабына сәйкес). Өтемақы төлемдерін алу үшін жер үсті қызметтің агенттеріне немесе тасымалдаушы-авиакомпаниясының Call Centre жүгіну қажет, мысалы, Air Astana қолдау қызметінің телефондары – Аламаты қаласында 8 (727) 244 44 77, Астана қаласында 8 (7172) 58 44 77 және: Егер Сіз кішкентай баламен (7 жасқа дейін) ұшсаңыз, онда Сізге ана мен бала бөлмесі (бар болған кезде) ұсынылу қажет. Өтемақы төлемінің түрі авиарейстің кешігуіне байланысты.
Рейсті 2 сағаттан астам уақыт күткен кезде:
Рейсті 4 сағаттан астам уақыт күткен кезде:
Рейсті түнгі уақытта 6 сағаттан астам және күндізгі уақытта 8 сағаттан астам уақыт күткен кезде:
Рейсті 10 сағаттан астам уақыт күткен кезде:
Жоғарыда көрсетілген барлық қызметтер жолаушыларға қосымша ақысыз ұсынылады.
Авиарейс авиакомпания кінәсінен кешіккен жағдайда жолаушының кешігудің әр сағаты үшін билет құнынан 3% көлеміндегі өтемақы алуға құқылы (ұшу учаскесінде болған кешігуде).
Егер жолаушы кешіккен рейсті 10 сағаттан астам уақыт күтіп, тасымалды қолданбаса, авиакомпания аивабилет бойынша жолаушыға толық құнын қайтаруға кепілдік береді, аивабилет құнынан 100%.
«Жүк 200» тасымалдау әуе кемесімен жүзеге асырылады.
Қажет болған жағдайда әуе кемесімен қайтыс болған адамның сүйектерін басқа қалаға тасымалдау авиакомпаниямен міндетті түрде келісе отырып, өтінім бойынша рұқсат етіледі.
Әуе кемесімен жүк-200 тасымалдауды рәсімдеу кезіндегі ілеспе құжаттар тізбесі:
Қосымша:
Қайтыс болған адамды әуе кемесімен тасымалдау кезінде сүйектері мырышталған, герметикалық дәнекерленген табытқа салыну қажет, ішкі жағынан ылғалды сіңіріп алатын затпен толтырылған. Металл табыт багаждық бөлімде тасымалдау үшін тығыз жасалған ағаш жәшікке орналастырылады.
Ағаш жәшіктің көлемі:
Ені – 750 мм, биіктігі – 600 мм, ұзындығы – 1 900 мм.-ден аспауы тиіс.
Әр түрлі факторларға байланысты (қалдықтар ерекшелігіне, жүк-200 және т.б. жеткізу қажет межелі пунктіне (ҚР, ТМД, Алыс шетел және т.б. бойынша) косымша рәсімдер пайда болуы мүмкін, осыған байланысты жоғарыдағы тізбе толық емес. Қосымша ақпарат алу үшін және жүк 200 тасымалдауды ұйымдастыру сұрақтары бойынша төменде көрсетілген көлік-логистикалық компанияларға жүгініңіз. Әр түрлі компанияларда тасымалдау құны әжептәуір ерекшеленуі мүмкін. Қайсыбір компанияны тандаудың алдында төменде көрсетілген компаниялардан алдын ала құнын және талаптарын білуіңізді сұраймыз:
№ | Компания атауы | Байланыс телефондары | Мекенжайы |
1 | ЕurAsiaTransit (ЕАТ) ЖШС |
тел. +7 71 72 28 60 11, +7 71 72 28 60 12 e-mail: astana_sales@eat.kz ресми сайты: http://eurasiatransit.com/ru/ |
Қазақстан Республикасы, Астана, Әуежай |
2 | «Asia Freight» ЖШС |
тел +7 7172 57 35 90, +7 7172 24 24 17 e-mail: tse@afr.kz ресми сайты: http://www.afr.kz/index.html |
Қазақстан Республикасы, Астана, Әуежай, проспект Қабанбай батыр даңғ. 22 |
3 |
«VIP CARGO SERVICE» ЖШС
|
тел +7 7172 29 66 61, ф. +7 7172 29 66 67 e-mail:admin@vipcargoservice.com ресми сайты: http://www.vipcargoservice.kz/ |
Қазақстан Республикасы, Астана, Железнодорожный кенті, Қобда тар к-сі, 4/2-үй, 14-кеңсе, 010012 |
Қол жүгімен тасуға тыйым салынған заттар:
Багажда тыйым салынған заттар:
Әуежай өз жолаушыларына ішкі және халықаралық рейстерінің жолаушыларына арналған CIP/VIP залдарында қызмет көрсетуді ұсынады. CIP/VIP-жолаушылар залдары бөлек орналасқан және аэровокзал кешенінің басқа жайларынан оңаша. Онда жұмсақ дивандарда жайлы демала аласыз. Осында VIP-жолаушылар ішкі және халықаралық рейстерге тіркеуді, кедендік және шекаралық бақылауларды өте алады. Ұшып келген кезде Сізді әуежай қызметкері бөлек көлікте қарсы алады. VIP-жолаушыларға арналған зал келесі қызметтерді ұсынады:
Бар қызметтерi үшін қосымша төлем жасалады. Қызмет көрсету құны төмендегідей:
– Лаундж бар қызметі және сервисін қоса ала отырып, VIP аймағында ұшатын ересек 1 жолаушыға қызмет көрсету – 50 000 теңге (ҚҚС-сыз);
– Лаундж бар қызметі және сервисін қоспай, VIP аймағында ұшатын ересек 1 жолаушыға қызмет көрсету – 38 392,86 теңге (ҚҚС-сыз);
– Лаундж бар қызметі және сервисін қоса ала отырып, VIP аймағында ұшатын 7 жастан – 15 жасқа дейінгі 1 балаға қызмет көрсету – 25 000 теңге (ҚҚС-сыз, негізгі тарифтің 50%);
– Лаундж бар қызметі және сервисін қоспай, VIP аймағында ұшатын 7 жастан – 15 жасқа дейінгі 1 балаға қызмет көрсету – 19 196,43 теңге (ҚҚС-сыз, негізгі тарифтің 50%);
– VIP аймағында ұшып келген ересек 1 жолаушыға қызмет көрсету – 30 000 теңге (ҚҚС-сыз);
– VIP аймағында ұшып келген 7 жастан – 15 жасқа дейінгі 1 балаға қызмет көрсету – 15 000 теңге (ҚҚС-сыз, негізгі тарифтің 50%).
CIP залында қызмет көрсету құны:
– СІР аймағында ұшатын 1 ересек жолаушыға қызмет көрсету – 13 392,86 теңге (ҚҚС-сыз);
– СІР аймағында ұшатын 7 жастан – 15 жасқа дейінгі 1 балаға қызмет көрсету – 6 696,43 теңге (ҚҚС-сыз, негізгі тарифтің 50%);
– СІР аймағында ұшып келетін 1 жолаушыға қызмет көрсету – 8 928,57 теңге (ҚҚС-сыз);
– СІР аймағында ұшып келетін 7 жастан – 15 жасқа дейінгі 1 балаға қызмет көрсету – 4 464,29 теңге (ҚҚС-сыз, негізгі тарифтің 50%)
VIP–залдың қызметтерін пайдалану үшін 777-108, 777-725 телефондары бойынша немесе vip.tse@astanaairport.kz эл. мекен жайына тапсырыс беру қажет немесе VIP-қызмет көрсетуге арналған шартты жасасу қажет (заңды тұлғаларға). VIP-қызмет көрсетуге арналған өтінімдер тәулік бойы қабылданады.
Бизнес авиация терминалында қызмет көрсету құны:
– БАТ аймағында ұшатын 1 ересек жолаушыға қызмет көрсету – 49 107, 14 теңге (ҚҚС-сыз);
– БАТ аймағында ұшатын 7 жастан – 15 жасқа дейінгі 1 балаға қызмет көрсету – 24 553,57 теңге (ҚҚС-сыз);
– БАТ аймағында ұшып келетін 1 жолаушыға қызмет көрсету – 31 250 теңге (ҚҚС-сыз);
– СІР аймағында ұшып келетін 7 жастан – 15 жасқа дейінгі 1 балаға қызмет көрсету – 15 625 теңге (ҚҚС-сыз).
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: