Еуропаның ең үздік клубтық турнирі - құрлықтық хоккей лигасындағы Қазақстан Республикасының жалғыз өкілі болып табылатын «Барыс» хоккей клубының брендтелген өнімінің дүкені. Бұл сауда нүктесінің бірегейлігі – ол жалпы ауданы 16 ш.м. хоккей шлемі түрінде жасалған. Сауда нүктесінің жанында LED экрандары мен Play Station ойын приставкалары бар жұмсақ аймақ - ересек ұрпақ үшін де, балалар үшін де рейсті күту кезінде жайлы жағдайда демалу аймағы орнатылған. Тауарлардың ассортименттік матрицасына тоқыма бұйымдары да, кәдесый өнімдері де кіреді. Сауда нүктесі іске қосылған кезде «NQZ» жаңа сәйкестендіру кодын ілгерілету үшін «Barys» және «NQZ Airport» киім-кешектерінің коллаборациялық желісі құрылды. Жолаушылардың терминалда жайлы жүріп-тұруы үшін сауда нүктесі тәулік бойы жұмыс істейді, онда оларға «Barys» брендінің арнайы нысанды киімінде ақ жарқын персонал қызмет көрсетеді.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Ауызша нысанда берілген жолданымды әкімшілік органның жолданымды қабылдаған лауазымды адамы немесе жұмыскері жекелеген хаттамаға енгізеді.
Жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда берілген жолданымда, хаттамада:
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
жолданымның мәні;
жолданымның берілген күні;
арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:
қолма-қол;
Қазпошта» АҚ және пошта байланысының басқа түрлері (курьерлік қызмет, жеделдетілген және т. б.) арқылы жіберу;
«eOtinish» бірыңғай өтініш беру платформасының сілтемесі бойынша: https://eotinish.kz.