Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Көкшетау халықаралық әуежайы
Корпоративтік басқару
Әуежай туралы
Жарнамаға арналған орын
250x250
Жалғыз акционер - Terminals Astana Airport Management LLP
Директорлар Кеңесі:
Абсатов Ерлан Сембекович - Директорлар Кеңесінің Төрағасы, Тәуелсіз директор
Мохамед Саиф Обейд Алкаяли Директорлар Кеңесінің мүшесі, Терминалс Холдинг төрағасы
Ахмед Мохамед Саиид Халфан Аль Хадаби - Директорлар Кеңесінің мүшесі
Мохамед Аль Булуки – Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор
Айдаров Алмас Айдарович - Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор
Айдарбекова Салтанат Кенжекуловна - Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор
Әділбеков Нұрмахан Әбілқасымұлы - ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының орынбасары
Директорлар Кеңесі Комитеті -
«Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы» АҚ Директорлар кеңесі жанында 2 комитет бар: Аудит жөніндегі Комитет және Стратегиялық жоспарлау, инвестициялар, адам ресурстары және сыйақы жөніндегі Комитет.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті туралы ереже Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 11 мамырдағы шешімімен бекітілді (№ 57/20 хаттама).
Аудит жөніндегі Комитет 3 адамнан – тәуелсіз директорлардан тұрады.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау, инвестициялар, адам ресурстары және сыйақы комитеті туралы ереже Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 15 тамыздағы шешімімен бекітілді (№ 78/22 хаттама).
Стратегиялық жоспарлау, инвестициялар, адам ресурстары және сыйақы жөніндегі комитет 3 адамнан - тәуелсіз директорлардан тұрады.
Басқарма
Басқарма Төрағасы
Басқарма төрағасының Бірінші орынбасары
Басқарма төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары
Басқарма төрағасының орынбасары - авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы
Омбудсмен –
«Іскерлік этика қағидаттарын сақтау және Қоғамда туындайтын әлеуметтік және еңбек дауларын оңтайлы реттеу мақсатында Омбудсмен тағайындалды. Омбудсмен Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен тағайындалып, әр екі жыл сайын қайта сайланады.
Омбудсменнің рөлі өзіне жүгінген еңбек дауларына, жанжалдарға қатысқан қызметкерлерге кеңес беру және Қазақстан Республикасының заңнама нормасының сақталуын ескере отырып, өзара қолайлы, конструктивті және жүзеге асыра алатын шешімді әзірлеуге, Қоғамның да,қызметкерлердің де әлеуметтік-еңбек сұрақтарының мәселелерін шешуде жәрдемдесу болып табылады.
Қоғамның лауазымды тұлғалары мен басқа да қызметкерлерінің құқыққа қарсы іс-қимыл фактілері бойынша өтініштер үшін байланыс ақпараты:
Қазақстан Республикасы Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 119
Электрондық пошта: ombudsmen@nn-airport.kz
Тел. +7 (7172) 777-993
Корпоративтік хатшы
Директорлар кеңесінің қызметін және Басқарманың Директорлар кеңесімен өзара іс-қимылын тиімді ұйымдастыру мақсатында Корпоративтік хатшы тағайындалады.
Корпоративтік хатшы Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.
Корпоративтік хатшы және Қоғам Басқармасынан тәуелсіз және Қоғамның Директорла кеңесіне есеп береді. Корпоративтік хатшының негізгі міндеттеріне Қоғамның корпоративтік басқару Кодексінің ережелерін сақтауға және Директорлар Кеңесінің мүшелерінің өз қызметтері бойынша барлық мәселелерде кеңесші рөлін атқаруға, Директорлар Кеңесі тарапынан уақтылы әрі сапалы корпоративтік шешім қабылдауға, сонымен қатар Қоғамның корпоративтік басқару Кодексінің жүзеге асырылуына мониторинг жасауға көмек көрсету жатады.
Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 21 желтоқсанындағы шешімімен Қоғамның Корпоративтік хатшысы болып Нуртаева Диана Кайратовна тағайындалды.
Ішкі аудит қызметі –
Ішкі аудит қызметі – Қоғамда ішкі аудитті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, ұйымдық жағынан Директорлар кеңесіне бағынатын және функционалдық есеп беретін Қоғамның органы. Қызметттің іс-әрекетіне жетекшілік ету - аудит бойынша Комитет қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес Қоғамның директорлар Кеңесінің аудит бойынша Комитетімен жүзеге асады.
Қоғамдағы корпоративтік басқару мен ішкі бақылаудың тәуекелдерін басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған дербес әрі объективті кепілдіктер мен кеңестерді Директорлар Кеңесіне қамтамасыз ету Ішкі аудит Қызметінің негізгі мақсаты болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша сыртқы нормативтік талаптардың және озық халықаралық тәжірибенің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ мүдделер қақтығысын анықтау, бақылау және шешу бойынша шаралар қабылдау мақсатында Қоғамның директорлар кеңесіне есеп беретін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі құрылды.
Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы болып Тезекова Жанар Сагындыковна тағайындалды.
Корпоративтік басқару құжаттары
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: