Ветеринарлық бақылауды өту қағидаларымен танысыңыз
Рейстер бойынша ақпарат
Жарнамаға арналған орын
250x250
Т1 терминалы, бірінші қабат
Жұмыс уақыты: тәулік бойы
Ветеринарлық бақылау жайында ақпарат
«Шекара мен көліктегі мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылау және қадағалау» бөлімі
phone 56-17-26
«Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Әуежайы» ВББ (Ветеринариялық бақылау бекеті)
phone 28-65-12
Қазақстан Республикасының аумағында жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулары қоздырғыштарының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ басқа мемлекеттерден адамдардың, жануарлардың денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін бақылаудағы жүктердің әкелінуіне жол бермеу үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі — уәкілетті орган) шекара және кеден пункттерінде (мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде) ветеринариялық бақылау бекеттерін (бұдан әрі – ВББ) ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» ММ-сі келесіні хабарлайды:
Өткізуге түсетін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат олардың қауіпсіздігін, шығу тегін және сапасын растайтын ветеринариялық ілеспе құжаттармен тасымалу тиіс.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін жануарлардан алынатын өнімдері айналысқа жіберілмейді.
Ветеринария заңнамасының талаптары бұзылған жағдайда 56-18-20 және 56-17-26 телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.
Шекаралық мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін бақылаудағы жүктердің мынадай түрлері жатады:
1) жануарлар – жануарлардың жыныс және соматикалық жасушаларын (эмбриондар, ұрық, ұрықтанған уылдырық, инкубациялық жұмыртқалар) қоса алғанда, үй, жабайы, хайуанаттар бағы, цирк, зертханалық, сәндік, мамық жүнді, теңіз жануарлары мен басқа да гидробионттардың, құстардың, аралардың, балықтардың барлық түрлері;
2) жануарлардан алынатын өнімдер – тамаққа тиісті өңдеусіз пайдаланылмайтын ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өндірісінің өнімдері, сондай-ақ бал ара шаруашылығының өнімі;
3) жануарлардан алынатын шикізат – тері, жүн, шаш, қыл, аң терісі, мамық, қауырсын, эндокриндік бездер, ішек-қарын, қан, сүйек, мүйіз, тұяқ, жануарлардан алынатын, жануарларды азықтандыруға арналған басқа да өнімдер;
4) ветеринариялық препараттар, жемшөп, жемшөп қоспалары.
Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың толық тізімі Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының «Еуразиялық экономикалық одақта ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы» 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешіміне 1-қосымшада келтірілген.
Қазақстан Республикасының аумағына эпизоотияға қатысты қолайлы басқа мемлекеттерден мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктерді мынадай талаптарды сақтай отырып әкелуге рұқсат етіледі:
1) уәкілетті орган белгілеген ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес келген және ветеринариялық сертификатпен немесе ветеринариялық анықтамамен расталатын болған жағдайда;
2) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат болған жағдайда.
Бақыланатын жүктерді экспорттау үшін келесі құжаттар қажет:
1) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат қағазы.
2) экспорт кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат.
Аталған мемлекеттік қызмет түрі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 130 «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті және оның аумақтық бөлімшелері арқылы көрсетіледі.
Аталған мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
«Терісі бағалы аңдар, иттер мен мысықтарды тасымалдау»
2 (екі) басқа дейін мысықтар мен иттерді Үшінші елдерден алып келу немесе алып кету кезінде мынадай ветеринариялық құжаттар талап етіледі:
2 (екі) бастан жоғары мысықтар мен иттерді Үшінші елдерден алып келу немесе алып кету кезінде мынадай ветеринариялық құжаттар талап етіледі:
ЕАЭО елдеріне екі (2) басқа дейінгі мысықтар мен иттерді алып келу немесе алып кету кезінде мынадай ветеринариялық құжаттар талап етіледі::
Мысықтар мен иттерді ЕАЭО елдеріне алып келу немесе алып кету кезінде екі (2) бастан артық мынадай ветеринариялық құжаттар талап етіледі:
Жұмыс кестесі:
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Бақылаудағы жүктерді Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік алып өту
Бақылаудағы жүктерді Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдау ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: