Шекаралық бақылауды өту қағидаларымен танысыңыз
Рейстер бойынша ақпарат
Жарнамаға арналған орын
250x250
Терминал 1, екінші қабат
Жұмыс уақыты: тәулік бойы
Шағын ақпарат
Құрметті жолаушылар!
2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV «Атқарушылық іс жүргізу және сот жүргізушінің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-тармағына сәйкес, борышкер атқару құжаттың мазмұнында бар талаптарды дәлелсіз себептермен орындамаған жағдайда, сот орындаушысы борышкердің Қазақстан Республикасы аумағынан шығуына уақытша шектеу қою туралы қаулы шығаруға құқылы, ал өндіріп алушының өтініші бойынша міндетті.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қызметкерлері атына түсініспеушілік және наразылықты болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерге ұшар алдында Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға уақытша шектеу қойылған борышкерлер тізімінде Сіздің бар, жоқтығыңызды анықтау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің www.adilet.gov.kz ресми сайтына жүгінуіңізді сұраймыз.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінде шектеу тізімі туралы ақпарат жоқ.
Құрметпен, Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасындағы визалық бақылау тәртібі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасындағы визалық бақылау тәртібі Қазақсатан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасындағы халықаралық келісімдерге байланысты.
Бұл келісімдер мерзім сайын өзгеріп тұрады. Толық және нақты ақпаратты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің консулдық мекемелері, сіздің елдегі Қазақстан Республикасы елшіліктерінде алуға болады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-сайты – www.mfa.kz.
Тұлғалардың Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін жарамды құжаттары, көлік құралдары, тауарлар мен жүктердің құжаттары бар болғаны тұлғалардың, көлік құралдары, жүк пен тауарлардың Мемлекеттік шекарадан өтуіне негіз бола алады.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен Қазақстан Республикасы азаматтарының шекарадан өтуі үшін мынадай құжаттардың түрлері белгіленеді:
Қазақстан Республикасының кәмелеттік жасқа толмаған 16 жасқа дейінгі азаматтары, егер олар ата-аналарының (қорғаншыларының, қамқоршыларының) құжаттарында жазылған болса, шекарадан өте алады. Бұл ретте 3 жастан асқан балалар болса, фотосуреті жапсырылуы тиіс. Қазақстан Республикасының кәмелеттік жасқа толмаған азаматтарының, олардың өтініштері бойынша уәкілетті органдардың азаматтардың жас мөлшеріне қарамай берілген Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бойынша шекарадан өту мүмкіндігі бар.
Егер ата-аналардың (бала асырап алушылардың, қорғаншылардың немесе қамқоршылардың) біреуі кәмелеттік жасқа толмаған Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасынан кетуіне келісімін бермейтіндігі туралы мәлімдеген жағдайда, оның Қазақстан Республикасынан шығу мүмкіндігі туралы мәселе сот тәртібінде шешіледі.
Қолданыстағы жол жүру құжаттары болған кезде кәмелетке толмаған балалардың, үлкендердің еріп жүруіңсіз Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан өтуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасы мен шекаралас мемлекет арасындағы келісім негізінде Қазақстан Республикасы мен шекаралас мемлекет азаматтары үшін Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін құжаттарды анықтау бойынша Мемлекеттік шекарадан жеңілдетілген өткізу тәртібі белгіленуі мүмкін.
Мемлекеттік шекара арқылы тұлғалар, көлік құралдары, жүктер мен тауарларды өткізу шекаралық бақылауды, яғни: тұлғалар, көлік құралдары, жүктер мен тауарларды өткізу негіздерінің тексерілуін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан шығаруға тыйым салынған жүк пен тауарларды анықтау және ұстау мақсатында көлік құралдары, жүк және тауарлардың тексерілуін жүзеге асыруды қамтиды.
Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасында болуы бойынша ақпарат
Құрметті астананың қонақтары!
2020 жылғы 11 қаңтардан бастап, Қазақстан Республикасында болатын барлық санаттағы шетелдіктердің уақытша тіркеуі тоқтатылғандығын Сіздерге хабарлаймыз.Болуы 30 тәуліктен асқан жағдайда шетелдікке уақытша болуға рұқсаттама ресімделеді.Қазақстан Республикасына келген иммигранттың уақытша болу мерзімі виза алуды талап етпейтін тәртіпте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын өткен күннен бастап, 30 күнтізбелік күннен аспауы қажет, Қазақстан Республикасының тиісті тараппен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісімі арқылы басқа тәртіп белгіленбеген жағдайда әр 180 күнтізбелік күн кезеңі ішінде жалпы 90 күнтізбелік күн. Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға арналған көші-қон карталары 2020 жылғы 11 қаңтардан бастап тоқтатылды.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында тіркелу тәртібі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі істер департаментінің ресми интернет-сайтынан – www.dvdastana.kz ақпарат алуыңызға болады.
Құжаттық тексерістен өту кезінде балалармен (5 жасқа дейінгі) саяхаттаушы жолаушыларға қойлайлы болу үшін халықаралық ұшу және ұшып келу заодарында FAMILY GATE –арнайы белгілерімен көрсетілген бір-бір жеке кабиналар бөлінген.
Сондай-ақ осы бағатта, шекаралық бақылау сызығанда жолушылар ағанын бақылаудан өткізуде қолайылы болу үшін мүмкіндігі шектеулі адамдарға жеке кабиналар бөлінген.
"Астана" шекаралық бақылау бөліміндегі жағдайға уақытылы әрекет ету және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі (бұдан әрі – “ҚР ҰҚК ШҚ”) қызметкерлерінің арасында жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында шекарадан өтетін барлық азаматтардан ҚР ҰҚК ШК әскери қызметкерлерінің құқыққа қайшы әрекеттері жайлы.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: