Ана мен бала бөлмесі жайында ақпарат
Жалпы пайдаланатын қызметтер
Жарнамаға арналған орын
250x250
Терминал 2: 2-қабат (ортақ аймақ, ұшып шығу аймағы).
Жұмыс уақыты: тәулік бойы
Бағасы: тегін
Балалары бар жолаушылар үшін әуежайда Ана мен балаға арналған бөлме жұмыс iстейдi
Ана мен бала бөлмесі мектеп жасына дейінгі балалары (5 жасқа дейін) жолаушыларға, сондай-ақ жүкті әйелдерге арналған.
Ережелер:
Сәбилері бар жолаушыларға және екі немесе одан да көп баласы бар жолаушыларға ана мен бала бөлмесінде бірінші кезекте қызмет көрсетіледі.
Балаларды тамақтандыру олармен бірге жүретін адамдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Мектеп жасына дейінгі балалар бір ересек адаммен бірге жүреді.
Еріп жүретін адам баланы қараусыз қалдырмауы тиіс.
Ана мен бала бөлмесіндегі балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына жауапкершілік толығымен еріп жүретін адамдарға жүктеледі.
Жеке заттардың сақталуына ілесіп жүретін адамдарға жауапкершілік жүктеледі.
Шектеулер:
Балалары бар жолаушылар ана мен бала бөлмесіне тек қол жүгімен ғана жіберіледі (жүк жөнелтілгенге дейін/тіркеуден кейін сақтау бөлмесіне тіркеледі).
Жедел және жұқпалы аурулары бар балаларды ана мен бала бөлмесіне кіруге болмайды.
Үй жануарлары бар жолаушыларға ана мен бала бөлмесіне кіруге болмайды.
Ана мен бала бөлмесінде темекі шегуге, алкогольдік ішімдік ішуге және алкогольдік немесе есірткілік мас күйде болуға, сондай-ақ балалары жоқ жолаушыларға кіруге тыйым салынады.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: