
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250

АСТАНА ӘУЕЖАЙЫНДА ҰШАҚТАРДЫҢ ҚҰСТАРМЕН СОҚТЫҒЫСУ ЖАҒДАЙЛАРЫ АЗАЙДЫ
Астана халықаралық әуежайында әуе кемелерінің құстармен соқтығысуының расталған жағдайлары екі еседен астам азайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде осындай 11 жағдай тіркелсе, биыл олардың саны 5-ке дейін төмендеді. Осылайша, аталған көрсеткіш екі еседен астам қысқарды.
Құстардың ең жоғары белсенділігі тәуліктің екі уақыт аралығында — сағат 03:00-ден 11:00-ге дейін және 15:00-тен 23:00-ге дейін байқалады. Дәл осы кезеңдерде мамандар аэродром аумағындағы орнитологиялық жағдайға және құстардың қозғалысына ерекше назар аударады.
Әуежай маңында жиі кездесетін құстардың қатарында шағалалар, қарғалар, көгершіндер, сауысқандар және күйкентайлар бар. Олардың мінез-құлқы мен қозғалыс қарқындылығы жыл мезгіліне, тәулік уақытына және қорек көздерінің болуына байланысты өзгеріп отырады.
Әсіресе шағалалар ерекше назар аударуды қажет етеді. Күз мезгілінде мамандар олардың көл мен қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны арасында жаппай ұшып-қонуын бақылайды. Таңертең құстар бір бағытта топ-тобымен ұшса, кешке кері қайтады. Мұндай тұрақты қозғалыс бағыттары орнитологтардың үздіксіз бақылауында болады, өйткені олар әуе кемелерінің қозғалыс аймақтарына жақын орналасуы мүмкін.
Әуежайдың орнитология бөлімі құстар мен жануарларды үркіту үшін заманауи техникалық құралдарды қолданады. Олардың қатарында «BirdGard» биоакустикалық қондырғылары, МПО-1 механикалық құс үркіткіштері, дыбыстық тапаншалар, аңшылық сигнал құрылғылары, лазерлік құс үркіткіштер, құстарды бақылауға арналған оптикалық құралдар, сондай-ақ мобильді биоакустикалық қондырғымен жабдықталған арнайы автокөлік бар.
Сонымен қатар орнитологтардың жұмысы құстарды аэродром аумағынан үркітумен ғана шектелмейді. Мамандар үшін олардың қайдан ұшып келетінін, қай бағытқа бет алатынын, тәулік пен маусым ішінде қозғалыс бағыттарының қалай өзгеретінін, сондай-ақ құстардың пайда болуы кездейсоқ жағдай ма, әлде тұрақты жаппай көші-қонның бір бөлігі ме екенін анықтау маңызды.
Құстар табиғи ортаның ажырамас бөлігі болып табылады. Олардың қозғалыс қарқындылығы жыл мезгіліне, ауа райы жағдайларына, қорек көздеріне және басқа да факторларға тәуелді.
Осыған байланысты Астана халықаралық әуежайы үшін құстардың аэродром аумағында пайда болуына жедел әрекет ету ғана емес, олардың мінез-құлқы мен ұшу бағыттарындағы өзгерістерді тұрақты қадағалау да маңызды.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:
