100 ТОННАЛЫҚ ЕРЕКШЕ ЖҮК: АВСТРАЛИЯДАН АСТАНАҒА 304 БАС АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ІРІ ҚАРА ЖЕТКІЗІЛДІ

Барлық жаңалықтар

2026-10-16

100 ТОННАЛЫҚ ЕРЕКШЕ ЖҮК: АВСТРАЛИЯДАН АСТАНАҒА 304 БАС АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ІРІ ҚАРА ЖЕТКІЗІЛДІ

2026 жылғы 16 қазанда Астана халықаралық әуежайы Qatar Airways Cargo әуе компаниясының QR8406 арнайы жүк рейсін қабылдады. Аталған рейспен Австралиядан ангус тұқымды 304 бас асыл тұқымды ірі қара жеткізілді. Жеткізілген жүктің жалпы салмағы 100 тоннаны құрады. Ауқымды әуе тасымалы Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында айқындалған міндеттерді, сондай-ақ 2025 жылғы 14 қарашада берілген тапсырмаларды іске асыру аясында ұйымдастырылды. Жануарлар Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы екі шаруа қожалығына жеткізіледі.

 

Үш жүзден астам асыл тұқымды малды бір мезетте жеткізу халықаралық ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтауды, тасымалдаудың арнайы жағдайларын қамтамасыз етуді және тасымалдау процесіне қатысушылардың үйлесімді іс-қимылын талап еткен ауқымды логистикалық операция болды.

Астана халықаралық әуежайы ірі қара мал тиелген арнайы рейсті қабылдау мен жерүсті қызметін үйлесімді ұйымдастырды. Мамандардан жануарларды тасымалдау және оларға қызмет көрсету стандарттарын (AVI) қатаң сақтау талап етілді. Қызметкерлердің кәсіби жұмысы мен жұмылдырылған қызметтердің жедел үйлестіруінің арқасында әуе кемесінен малды түсіру және әрі қарай тасымалдауға беру жұмыстары ұйымдасқан түрде жүргізіліп, жүкке қажетті жағдайлар толық қамтамасыз етілді.

Айта кетейік, аталған рейстің келуі халықаралық авиациялық логистиканы дамыту үшін ғана емес, Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторы үшін де маңызды оқиға болды. Ангус әлемдегі ең танымал ет бағытындағы ірі қара тұқымдарының бірі болып саналады және жоғары ет өнімділігімен, сондай-ақ мәрмәр етінің сапасымен ерекшеленеді. Алдағы уақытта Қазақстанға ангус тұқымды асыл тұқымды ірі қара мал жеткізуді жалғастырып, мамандандырылған жүк авиарейстерінің жиілігін арттыру жоспарланып отыр.

Өз кезегінде Астана халықаралық әуежайы мамандандырылған жүктерге қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастыруда. Осындай логистикалық жобаларды іске асыру елорда әуежайының ауқымды халықаралық жүк операцияларына қызмет көрсету әлеуетін көрсетіп, әуе тасымалдарының географиясын кеңейтуге және Астананың Орталық Азиядағы перспективалы авиациялық жүк хабтарының бірі ретіндегі орнын нығайтуға ықпал етті.

 

 

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ