
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250

NORDWIND ӘУЕКОМПАНИЯСЫ АСТАНА ӘУЕЖАЙЫНАН ҚАЗАНҒА РЕЙСТЕР ОРЫНДАУДЫ БАСТАДЫ
2026 жылғы 27 қазанда Астана халықаралық әуежайында Nordwind әуекомпаниясының Қазан - Астана - Қазан бағыты бойынша жаңа рейсінің ашылу рәсімі өтті. Аталған бағытта жаңа әуетасымалдаушының ұшуды бастауы жолаушылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы сапарларға қосымша қолайлы жағдай жасайды.
Қазақстанның Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Ресейден Қазақстанға тікелей рейстер санын арттырудың Қазан мен Қазақстан қалалары арасындағы туризм, іскерлік ынтымақтастық, мәдениет, спорт және басқа да салалардағы байланыстарды одан әрі дамыту үшін маңызды екенін атап өтті.
Nordwind әуекомпаниясының сату бөлімінің басшысы Александра Галикбарованың айтуынша, Астанаға рейстердің ашылуы екі ел арасындағы жолаушылар тасымалын дамытуға қосымша мүмкіндіктер береді.
«Қазан – Астана бағыты бойынша рейстерді іске қоса отырып, біз жолаушыларға екі қала арасындағы ыңғайлы әуе қатынасын ғана емес, саяхаттаудың жаңа мүмкіндіктерін де ұсынуды көздейміз. Nordwind әуекомпаниясының кең бағыттар желісі мен Қазан әуежайының транзиттік әлеуетінің арқасында Астана тұрғындары мен қонақтары Санкт-Петербург, Сочи, Краснодар, Минералды Сулар және Калининград қалаларына сапарларын жалғастыра алады. Осылайша, Қазан Қазақстаннан ұшатын жолаушылар үшін Ресейдің түрлі өңірлерімен танысуға мүмкіндік беретін қолайлы бастапқы нүктеге айналады», – деп түсіндірді Александра Галикбарова.
Рейстер аптасына екі рет, сейсенбі және жұма күндері Boeing 737 әуе кемелерімен орындалады. Ұшу кестесіне сәйкес, әуе кемесінің Астанаға келуі сағат 05:15-ке, ал Қазанға кері ұшуы сағат 06:30-ға жоспарланған. Астана – Қазан – Астана бағыты бойынша барып-қайту әуе билеттерінің болжамды құны 110 мың теңгені құрайды. Билеттің түпкілікті бағасы брондау күніне, таңдалған тарифке және бос орындардың болуына байланысты өзгеруі мүмкін.
Nordwind әуекомпаниясының аталған бағыт бойынша рейстерді іске қосуы Астана мен Қазан арасында қатынайтын жолаушылар үшін әуетасымалдаушыларды таңдау мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы туристік, іскерлік және мәдени байланыстардың дамуына ықпал етеді.
Айта кетейік, Астана халықаралық әуежайы жаңа әуекомпанияларды тарту, бағыттар желісін кеңейту және халықаралық әуе қатынасын дамыту жұмыстарын жалғастырып келеді. Бұл елорда жолаушылары үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға бағытталған.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:
