
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250

Астана халықаралық әуежайында Астана – Ереван бағыты бойынша жаңа халықаралық рейс ашылды
Астана халықаралық әуежайында Shirak Avia әуе компаниясы орындайтын Астана – Ереван – Астана бағыты бойынша жаңа халықаралық рейстің ашылуына арналған салтанатты рәсім өтті.
Аталған рейс жолаушылар үшін көптен күткен бағыттардың бірі болды. Бұған дейін Қазақстаннан Ереванға жету үшін жолаушылар басқа қалалар арқылы ұшуға мәжбүр еді. Енді тікелей рейстің ашылуы жол жүру уақытын айтарлықтай қысқартып, сапарды әлдеқайда ыңғайлы етті.
Бұл бағыт әсіресе екі ел арасындағы диаспора өкілдері үшін маңызды.
Алғашқы кезеңде рейстер аптасына 1 рет — дүйсенбі күндері орындалады. Ал маусым айынан бастап рейстер жиілігін аптасына 2 ретке дейін — дүйсенбі және жұма күндері арттыру жоспарланып отыр.
Іс-шараға Армения Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қатысып, жаңа рейстің іске қосылуы екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Жаңа бағыттың ашылуы туристік және іскерлік байланыстарды дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Армения арасындағы мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Сонымен қатар жаңа рейс жолаушыларға ыңғайлы тікелей қатынасты қамтамасыз етіп қана қоймай, Астана арқылы транзиттік тасымалдарды дамытуға қосымша мүмкіндіктер береді.
«Астана мен Ереван арасындағы тікелей рейстің ашылуы — екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайтудағы және түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам», — деп атап өтті Армения Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Армен Вачикович Гевондян.
Жаңа бағыттың іске қосылуы әуежайдың халықаралық маршруттық желісін дамытудағы маңызды қадам болып, Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайта түседі.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:


