Астана — Ереван — Астана жаңа халықаралық әуе бағытының ашылуы туралы

Барлық жаңалықтар

2026-04-13

Астана — Ереван — Астана жаңа халықаралық әуе бағытының ашылуы туралы

Астана халықаралық әуежайы Астана — Ереван — Астана бағыты бойынша жаңа халықаралық әуе бағытының ашылатыны туралы хабарлайды.

2026 жылғы 20 сәуірден бастап Shirak Avia әуе компаниясы аталған бағыт бойынша тұрақты рейстерді орындай бастайды. Рейстер аптасына бір рет — дүйсенбі күндері орындалады.

Тікелей әуе қатынасының ашылуы Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы жолаушылардың қатынауына қолайлы жағдай жасап, туристік, іскерлік және мәдени байланыстардың дамуына ықпал етеді. Бұл жаңа бағыт жолаушылар үшін сапарларды ыңғайлы жоспарлауға және жаңа бағыттарды ашуға мүмкіндік береді.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ