
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ WORLD AIRPORT AWARDS 2026 НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖӘНЕ ТМД ӨҢІРІНДЕГІ ҮЗДІК ӨҢІРЛІК ӘУЕЖАЙ АТАНДЫ
Бұл – аталған санаттағы әуежайдың төртінші жеңісі. Аталған нәтиже қызмет көрсету сапасының тұрақты деңгейін және жолаушылар тарапынан жоғары бағаланатынын көрсетеді.
Skytrax компаниясының бас директоры Эдвард Плейстед:
«Бұл марапатты төртінші рет алу жолаушылар тарапынан жоғары сенім мен мойындаудың айқын дәлелі. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Орталық Азия және ТМД өңіріндегі өз позициясын нығайтып, жолаушыларға жайлы әрі тиімді қызмет көрсетуді жалғастырып келеді», - деді.
World Airport Awards сыйлығы жолаушылар арасында жүргізілетін тәуелсіз жаһандық сауалнама нәтижелері негізінде беріледі және әлемнің 565-тен астам әуежайын қамтиды. 2026 жылы зерттеуге 100-ден астам елден жолаушылар қатысып, әуежаймен өзара әрекеттесудің негізгі кезеңдерін — тіркеу мен тексеруден бастап, инфрақұрылым, сервис және ұшаққа отырғызуға дейін бағалады.
Әуежай аталған марапатты қол жеткізілген деңгейдің көрсеткіші әрі одан әрі даму үшін бағдар ретінде қарастырады. Оның ішінде Skytrax Top 100 Airports жаһандық рейтингі аясындағы кешенді бағалауға дайындық жүргізілуде.
Ағымдағы жылы халықаралық авиахаб қалыптастыруға және әлемнің үздік 100 әуежайының қатарына кіруге бағытталған жаңа даму тұжырымдамасы бекітілді. Осы мақсатта алдағы жылдары халықаралық бағалау талаптарына сәйкес 800-ден астам критерий бойынша сәйкестік қамтамасыз етіледі.
2026–2029 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы шеңберінде негізгі басымдықтар жүйелі сапа арттыруға бағытталған: тұрақты хабтық модель қалыптастыру, инфрақұрылым мен коммерциялық бағыттарды дамыту, қауіпсіздік талаптарын күшейту, сондай-ақ басқару тиімділігі мен сервисті жетілдіру.
Практикалық іске асыру аясында инфрақұрылымды жаңғырту, терминалдарда түсінікті навигация қалыптастыру, сервистік мәдениетті дамыту және персоналды оқыту, қызмет көрсету процестерін оңтайландыру, сондай-ақ сервистерді бірыңғай жолаушы тәжірибесіне біріктіру қарастырылған. Сонымен қатар жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді қолдану арқылы инновациялар мен цифрландыру бағыты күшейтілуде.
Әуежай сонымен қатар жетілдіруді қажет ететін бағыттарды ескеріп, оларды кезең-кезеңімен жою бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Аталған шараларды іске асыру Астана әуежайының өңірдегі негізгі авиациялық хаб ретіндегі позициясын нығайтып, жолаушыларға қызмет көрсету сапасының одан әрі артуын қамтамасыз етеді.
Әуежай алға амбициялық мақсаттар қойып, оларға жүйелі түрде қол жеткізуде. Осы арқылы ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи, технологиялық және бәсекеге қабілетті инфрақұрылым қалыптастыруды көздейді.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:


