Референдум-2026: Астана халықаралық әуежайында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті

Барлық жаңалықтар

2026-02-25

Референдум-2026: Астана халықаралық әуежайында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті

Астана халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіру жұмыстары аясында еңбек ұжымымен кездесу өтті.

Іс-шараның спикері ретінде заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Абдрасулов сөз сөйледі. Кездесу барысында әуежай жұмыскерлеріне Конституция жобасының негізгі ережелері, оның ішінде әлеуметтік кепілдіктерге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ еңбек саласына қатысты өзгерістер кеңінен түсіндірілді.

Ермек Баяхметұлы Абдрасулов мұндай кездесулердің басты мақсаты - ашық диалог қалыптастыру және конституциялық өзгерістердің мәнін түсінуге қажетті құқықтық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Кездесу барысында әуежай ұжымы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жаңа Конституция жобасының жекелеген нормалары бойынша нақты түсіндірмелер алды.

«Біз үшін әуежай жұмыскерлерінің қандай өзгерістер ұсынылып отырғанын және олардың азаматтардың құқықтары мен еңбек кепілдіктеріне қалай әсер ететінін түсінуі өте маңызды. Мұндай кездесулер адамдарға құқықтық тұрғыдан қорғалғанын сезінуге мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде жұмысты байыпты әрі жауапкершілікпен атқаруға ықпал етеді», — деді Бекен Сейдахметов, Астана халықаралық әуежайының Басқарма төрағасы.

Сондай-ақ кездесуде жаңа Конституция жобасы қоғамдық сұранысты ескере отырып әзірленгені және адам құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.

Еске салайық, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша жалпыұлттық референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтеді.

 

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ