
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250

Астана әуежайында құжат айналымы жүйесі бойынша оқыту семинары өтті
Биылғы жылдың 13 ақпанында «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ құжат айналымы бөлімі Қоғамның жұмыскерлеріне арналған кезекті оқыту семинарын ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты «Документолог» ақпараттық жүйесіндегі жұмыстың сапасын арттыру, құжаттарды ресімдеу кезіндегі бұзушылықтарды азайту және қызметтік құжаттарды әзірлеу үдерісінде жиі кездесетін қателерге жол бермеу.
Семинардың жұмысына Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің мамандары мен іс қағаздарды жүргізушілер қатысты.
Оқытуды құжат айналымы бөлімінің басшысы - Нурекешова С.С., іс қағаздар жөніндегі маман - Кабдулманова С., мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі бас маман - Сейтмагамбетова Р.Е. өткізді.
Семинар барысында бейнеэкранда көрсете отырып, шығыс, бастамашылық хаттардың, негізгі қызмет бойынша бұйрықтардың, қызметтік жазбалардың жобаларын жасау тәртібі, сондай-ақ, жүйеде деректемелерді дұрыс толтыру және келісуді бағдарлау бағыттарын сақтау толық түсіндірілді.
Мемлекеттік тілде құжаттарды дайындау және сапаны бақылаудың тиісті құралдарын қолдану кезінде жиі кездесетін қателіктерге ерекше назар аударылады.
Кездесу барысында қатысушылар барлық сұрақтарына толық жауап алды. Осындай оқыту іс-шараларын өткізу орындаушылық тәртіпті арттыруға және Қоғамда құжат айналымының бірыңғай стандарттарын қалыптастыруға ықпал етеді.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:


