
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250

«Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы тағайындалды
«Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы» АҚ Бекен Канелұлы Сейдахметовтің Қоғамның Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалғаны туралы хабарлайды.
Бекен Канелұлының азаматтық авиация саласы бойынша бейінді жоғары білімі бар — Рига азаматтық авиация инженерлері институтын тәмамдаған. Ол азаматтық авиация және көлік инфрақұрылымы саласында мол басқарушылық тәжірибеге ие.
Әр жылдары ол бірқатар басшылық қызметтерді атқарды, оның ішінде «Астана халықаралық әуежайы» РМК экономика және қаржы жөніндегі бас директордың орынбасары, «Астана халықаралық әуежайы» ЖАҚ бірінші вице-президенті, сондай-ақ «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ көлік активтерін басқару тобының бас сарапшысы қызметтерін атқарды.
2011–2017 жылдары Азаматтық авиация комитетін басқарып, саланы дамыту және реттеу мәселелеріне жетекшілік етті. Аталған қызметке тағайындалғанға дейін Азаматтық авиация академиясының ректоры қызметін атқарды.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:


