
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250

Астана авиациялық хаб ретіндегі орнын нығайтуда: 10 айда жолаушылар ағыны +13% өсті
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» 2025 жылдың қаңтар–қазан айларындағы жұмыс қорытындыларын жариялады. Он ай ішінде әуежай шамамен 7,8 миллион жолаушыға қызмет көрсетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13% көп. Өсу үрдісі ішкі және халықаралық бағыттардың екеуінде де байқалады.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» 2025 жылдың қаңтар–қазан айларындағы жұмыс қорытындыларын жариялады. Он ай ішінде әуежай шамамен 7,8 миллион жолаушыға қызмет көрсетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13% көп. Өсу үрдісі ішкі және халықаралық бағыттардың екеуінде де байқалады.
Ішкі жолаушылар ағыны да 13%-ға артты. Жыл бойы әуе компаниялары еліміз ішінде маршруттық желіні кеңейтіп, рейстер жиілігін арттырды. Бұл өз кезегінде әуе сапарларын анағұрлым қолжетімді әрі ыңғайлы етті.
Халықаралық бағыттар сегменті де дәл осындай қарқын көрсетуде — өткен жылмен салыстырғанда +13%. Жаңа тікелей рейстердің ашылуы елорда мен шетел қалалары арасындағы байланыстылықты арттырып, іскерлік және туристік сапарлар мүмкіндігін кеңейтті.
Транзиттік жолаушылар саны да өсе түсуде — он айда әуежай арқылы шамамен 90 мың транзиттік жолаушы өтті. Бұл Астананың Орталық Азия, Еуропа және Таяу Шығыс арасындағы ыңғайлы түйісу нүктесі ретіндегі тартымдылығының артып келе жатқанын көрсетеді.
Орындалған рейстер саны 14%-ға көбейді. Бұл әуе тасымалдаушылары тарапынан сұраныстың жоғары екенін және инфрақұрылымның тиімді пайдаланылып жатқанын білдіреді.
Пошта мен жүк тасымалы көлемі халықаралық бағыттар есебінен 10%-ға өсті. Әуежай логистикалық сегменттегі позициясын нығайтып, жүк транзиті үшін қолайлы алаңға айналуда.
2025 жыл — халықаралық стандарттарға сәйкестікті растау жылы
Биыл әуежай бірнеше маңызды халықаралық рәсімдерден сәтті өтті:
• ICAO авиациялық қауіпсіздік талаптарына жоғары деңгейде сәйкестігі расталды;
• IATA ISAGO сертификаттауы сәтті өтті — әуежай 97% сәйкестік көрсеткішіне жетті, бұл жерүсті қызмет көрсету стандарттарының жоғары деңгейін дәлелдейді;
• ASQ (Airport Service Quality) қызмет сапасын мониторингтеу бағдарламасы енгізілді — әуежай жолаушылардан тұрақты түрде кері байланыс алып, оны қызмет сапасын жақсарту үшін пайдаланады.
Бұл нәтижелер әуежайдың қауіпсіздік, сервис және операциялық қызмет салаларындағы процестері халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетінін айғақтайды.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:


