Жаңа бағыт! Астана – Бішкек

Барлық жаңалықтар

2025-11-10

Жаңа бағыт! Астана – Бішкек

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан Qazaq Air (Vietjet Kazakhstan) компаниясының Бішкекке алғашқы рейсі орын алды.

Бұл — соңғы 7 күн ішіндегі Qazaq Air-дің екінші жаңа бағыты. Біз тікелей рейстер географиясының кеңейіп келе жатқанына шын жүректен қуаныштымыз.

✈️ Рейс заманауи Q400 әуе кемесінде орындалады
📅 Жиілігі: дүйсенбі / бейсенбі
⏱ Ұшу уақыты: 2 сағат 25 минут

Бішкек — бұл жайлы көшелер, дәмді асханалар, алыстан көрінетін таулар мен ерекше атмосферасы бар қала. Енді ол жаққа тез, ыңғайлы әрі тікелей ұшуға болады.

Сенім мен серіктестік үшін Qazaq Air компаниясына алғыс айтамыз.
Әр алғашқы рейсте қуаныш пен мереке көңіл күйін сыйлайтын жолаушыларымызға рахмет ❣️

Біз елордадан сапар шегуді одан әрі жеңіл әрі жағымды ету үшін жұмысымызды жалғастыра береміз.

Бортқа қош келдіңіздер және… Бішкекте кездескенше! 🌿

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ