
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы ISAGO халықаралық стандарттарына сәйкестігін растады
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) әзірлеген ISAGO (IATA Safety Audit for Ground Operations) бағдарламасы аясында аудиттен табысты өтіп, халықаралық стандарттарға сәйкестігін кезекті рет дәлелдеді. ISAGO бағдарламасы 1300-ден астам талапты қамтиды, олар жерүсті қызмет көрсетудің негізгі бағыттарын: әуе кемелеріне қызмет көрсету, жүк пен багаж өңдеу, қауіпсіздік шаралары және басқа да операцияларды қамтиды.
Аудит нәтижесі бойынша әуежайдың халықаралық талаптарға сәйкестігі жоғары бағаланды. Сертификатты табыстау рәсімінде IATA-ның Орталық Азия бойынша аймақтық менеджері Ризван Сиддики атап өтті:
«Астана әуежайын ISAGO сертификатын алуымен құттықтаймын. Қазіргі таңда Орталық Азияда бұл сертификатқа ие болған жалғыз әуежай — Астана. Бұл үлкен жетістік және команда бұл сыннан абыроймен өтті. Алдағы жобаларыңызға сәттілік тілеймін және кәсіби жұмыстарыңыз үшін алғыс білдіремін.»
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Юсуф Альжавдер өз сөзінде былай деді:
«IATA тарапынан біздің қызметіміздің ISAGO стандарттарына толық сәйкес екені расталғаны — біз үшін үлкен мақтаныш. Бұл сертификат – ұжымдық еңбектің нәтижесі әрі біздің кәсібилігіміздің дәлелі. Біз өз қызметімізді жетілдіруді жалғастырып, жолаушыларға жоғары деңгейде қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етуді көздейміз.»
Аталған аудиттен екінші рет сәтті өту Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының өңірлік көшбасшы ретіндегі мәртебесін нығайтып, оны ISAGO бағдарламасы бойынша сертификатталған Орталық Азиядағы жалғыз әуежай ретінде танытады.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:


