
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250

Өміріңізді Астана халықаралық әуежайымен байланыстырғыңыз келе ме?
Біздің ұжымға қосылуды қаласаңыз, «Работа аэропорт Астаны» телеграм арнамызға жазылыңыз.
Телеграм арнамызда біз әуежайдың барлық бос жұмыс орындары туралы ақпаратты тұрақты түрде жариялап отырамыз.
Егер сіз біздің әуежайда жұмыс істегіңіз келсе:
Телеграм желісі арқылы «Работа аэропорт Астаны» арнасына жазылыңыз. Осылайша, жаңа бос жұмыс орындары туралы ақпаратты уақытылы көре аласыз.
Бос орын туралы ақпаратпен мұқият танысыңыз. Әр хабарламада жұмыс іздеушіге қойылатын біліктілік талаптары (білімі, еңбек өтілі, шетел тілдерін білу деңгейі) мен жұмыс шарттары туралы ақпарат көрсетіледі.
Өзіңіз орналасқыңыз келетін жұмыс бойынша көрсетілген электрондық мекенжайға түйіндемеңізді жіберіңіз. Түйіндемеде біліміңізді, дағдыларыңызды, іс-тәжірибеңізді және байланыс телефоныңызды толық көрсетіңіз. Электрондық хатта қалаған лауазымыңызды көрсету маңызды.
Персоналды іздестіру және іріктеу жөніндегі мамандардан қоңырау күтіңіз. Егер түйіндемеңіздегі мәліметтер біліктілік талаптарына сәйкес келсе, мамандар сізбен байланысып, құрылымдық бөлімше басшысымен сұхбаттасуға шақырады.
Ешбір түйіндеме қараусыз қалмайды — әрбір азаматтың Астана халықаралық әуежайында жұмыс істеуге мүмкіндігі бар.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:


