Ұшу-қону жолағының уақытша жабылуы және рейстер кестесіндегі өзгерістер туралы ақпарат

Барлық жаңалықтар

2025-06-19

Ұшу-қону жолағының уақытша жабылуы және рейстер кестесіндегі өзгерістер туралы ақпарат

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты ұшу-қону жолағы төмендегі мерзімдерде уақытша жабылатынын хабарлайды:

  • 2025 жылғы 1-4 қыркүйек аралығы,
  • 2025 жылғы 8 қыркүйектен 31 қазанға дейін.

 

Көрсетілген күндері күн сайын Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін ұшу-қону жолағы ұшақтардың ұшып-қонуы үшін қолжетімсіз болады.

 

2025 жылғы 5–7 қыркүйек аралығында ұшу-қону жолағы қалыпты режимде жұмыс істейді, рейстер жоспар бойынша орындалады.

 

Осыған байланысты рейстердің кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Жолаушылардан рейске қатысты өзекті ақпаратты авиакомпания өкілдерінен алдын ала нақтылап алуды сұраймыз.

 

Жөндеу жұмыстары аэродром инфрақұрылымын жоспарлы түрде жаңарту шеңберінде жүргізіледі және бұл әуе тасымалының қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ жолаушылар мен авиакомпанияларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған.

 

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

 

Құрметпен,

 «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ

баспасөз қызметі

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ