Астанадан Аланияға алғашқы тікелей рейс ашылды!

Барлық жаңалықтар

2025-05-28

Астанадан Аланияға алғашқы тікелей рейс ашылды!

Бүгін Астана халықаралық әуежайында FlyArystan авиакомпаниясының шуақты Аланияға алғашқы тікелей рейсі орындалды! Компас туроператоры ұйымдастырған бұл маршрут Еуразияның жүрегін Түркияның ең танымал курорттарының бірімен байланыстырып, жайлы әрі қолжетімді демалыс үшін жаңа көкжиектерді ашады.

Жазғы демалыстың басталуымен саяхатқа шығып, демалысты қызықты өткізудің тамаша мүмкіндігі туды. Рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және жексенбі күндері заманауи Airbus A320 ұшағында орындалады.

Біз FlyArystan авиакомпаниясына рейстер географиясын кеңейтуге қосқан үлесі үшін алғыс білдіре отырып, біздің әуежайды таңдаған жолаушыларға алғысымызды білдіреміз.

Демалыстарыңыз ұмытылмас сәттерге толы болсын!

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ