Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Астана әуежайы әлем бойынша ең үздік деп танылған Сингапур – Чанги әуежайымен ынтымақтастықты нығайтады
Бүгін Сингапур делегациясы, әлемдегі ең үздік әуежайлардың бірі Чангидің өкілдері жұмыс сапарымен Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына (Астана) келді. Сапар авиация және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту аясында өтті.
«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының төрағасы Қайрат Сәдуақасов Қазақстанның туристік әлеуетін таныстырды. Ол екі ел арасындағы туристік байланыстарды бірлесіп ілгерілетудің және нығайтудың негізгі бағыттарын атап өтті.
Астана халықаралық әуежайының Басқарма төрағасы Юсуф Альджавдер делегацияны қарсы алып, халықаралық қатынастарды, соның ішінде инфрақұрылымдық және операциялық ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
Кездесуде туристердің құқықтарын қорғау және туристік нарықтың халықаралық ынтымақтастыққа дайындығы мәселелеріне ерекше назар аударылды. «Туристік Қамкор» қоғамдық қорының жетекшісі Инна Рэй Қазақстандағы жолаушылар құқығын қорғаудың қазіргі тетіктері туралы айтып, Сингапур нарығымен жұмыс істеуге әлеуеті жоғары туристік агенттіктердің тізімін ұсынды.
Кездесу конструктивті және нәтижелі жағдайда өтті. Жазғы маусым қарсаңында Қазақстан мен Сингапур арасында чартерлік рейстерді ашу мүмкіндігі талқыланды. Болашақта тараптар тікелей тұрақты әуе рейстерін ашуды қарастыруда.
Қазақстан мен Сингапур стратегиялық серіктес болып қала бермек, ал елдер арасындағы авиациялық және туристік ынтымақтастықты нығайту екі тараптың да мүдделеріне сәйкес келеді.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: