Әуе кеңістігіндегі уақыт шектеулері: рейстер кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін

Барлық жаңалықтар

2025-04-21

Әуе кеңістігіндегі уақыт шектеулері: рейстер кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін

Астана, 2025 жылғы 21 сәуір - Астана халықаралық әуежайы жолаушыларды Жеңістің 80 жылдығына және Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеруге дайындыққа байланысты әуе кеңістігіндегі бекітілген шектеулер туралы хабардар етеді.

Ертең, 22 сәуірде, сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін Астананың әуе кеңістігі әскери авиацияның жаттығу ұшуларына байланысты уақытша жабылады.

Көрсетілген кезеңде ұшу және ұшып келу кестесінде өзгерістер болуы мүмкін. Жолаушыларға авиакомпаниялардан және әуежайдың ресми ресурстарынан рейстердің статусын алдын ала нақтылауды ұсынамыз.

Мұндай шектеулер шеруге дайындықтың келесі күндерінде - 22 сәуірден 7 мамырды қоса алғанда жоспарланған.

Сапарларды жоспарлау кезінде осы жағдайларды ескеруді сұраймыз.

Рейстердің статусы туралы өзекті ақпарат алу үшін:
📞 Байланыс орталығы: +7 7172-702-999
🌐 Ресми сайт: www.nn-airport.kz

Құрметпен,
Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ