Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қызметкері делегация құрамында авиациялық киберқауіпсіздік жөніндегі халықаралық семинарға қатысты

Барлық жаңалықтар

2025-04-11

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қызметкері делегация құрамында авиациялық киберқауіпсіздік жөніндегі халықаралық семинарға қатысты

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ, «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ, «ҚазАэронавигация» РМК қызметкерлерінен құралған делегация «ҚР Авиация әкімшілігі» АҚ басшылығымен Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Еуропа және Солтүстік Атлантика елдері үшін (EUR/NAT) ұйымдастырған авиациялық киберқауіпсіздік бойынша аймақтық семинарға қатысты. Шара Сербияның Белград қаласында өтті және жетекші сарапшыларды, реттеушілер мен авиация саласының өкілдерін біріктірді.

Семинар авиациядағы жаһандық киберқауіптерді талқылау, халықаралық ИКАО стандарттары мен ұсынылатын тәжірибелерді енгізу, сондай-ақ оқыс оқиғаларға ден қою және мүдделі тараптар арасындағы әрекеттерді үйлестіру бойынша тәжірибе алмасудың негізгі алаңына айналды.

Маңызды тақырыптардың бірі «Tabletop Exercise» практикалық жаттығуы болды, оның барысында қатысушылар ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін ауқымды киберинциденттің сценарийін әзірледі. Негізгі мүдделі тараптар, мемлекеттік органдар, азаматтық авиация ұйымдары және жеке компаниялар арасындағы ақпарат алмасу, хабардар болу, инциденттерге ден қою, эскалация және өзара іс-қимыл үшін халықаралық хаттамалар сынақтан өтті.

«Бүгінде киберқауіпсіздік авиациялық қауіпсіздіктің маңызды элементі болып табылады. Қазақстан жаһандық диалогқа белсенді түрде қатысып, халықаралық аренадағы позициясын нығайтып, авиациялық инфрақұрылымның тұрақтылығын арттыруда», - деді Нұрсұлтан Назарбаев әуежайдың баспасөз қызметімен сұхбатында Авиациялық қауіпсіздік қызметінің киберқауіпсіздік инспекторы Мухаметжан Мухаметжанов.

Семинар қорытындысы бойынша «Қазақстанның Авиация әкімшілігі» АҚ «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ және «ҚазАэронавигация» РМК қолдауымен мемлекеттік органдардың, жетекші ұйымдардың және ақпараттық қауіпсіздікті жеткізушілер өкілдерінің қатысуымен осы жылы авиациялық киберқауіпсіздік бойынша семинар өткізуді жоспарлап отыр.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ