2 сәуір - Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні

Барлық жаңалықтар

2025-04-02

2 сәуір - Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні

Астана халықаралық әуежайы халықаралық стандарттар мен ұсыныстарға сәйкес аутизм спектрі бұзылған және психикалық ауытқулары бар жолаушыларға қызмет көрсету үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді.

Аталмыш қызмет түрін алу үшін ұшу уақытынан 72 сағат бұрын өзіңіз ұшатын авиакомпанияға өтінім беруіңіз керек.

Әуежайға келген кезде аутизммен ауыратын адамның қараушысы анықтама бюросынан мойынға тағатын арнайы белгіні ала алады.

Белгіні тағу арқылы жолаушы әуе кемесіне тіркеу, тексеру, бортқа отырғызу рәсімдерінен жылдам әрі оңай өте алады.

Қажет болған жағдайда осы санаттағы жолаушылар мүгедектер арбасын аэровокзалдан әуе кемесіне жету үшін еркін пайдалана алады.

Аталған қызмет түріне қатысты өзге де сұрақтарыңызды әуежайдың жолаушыларға қызмет көрсету бөліміне қоя аласыз:
Байланыс нөмірлері:
+7 771 033 00 31 (тәулік бойы)

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ