Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Жеңіс шеруіне дайындыққа байланысты ұшу кестесінде өзгерістер орын алуы мүмкін
Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға Жеңістің 80 жылдығына, сондай-ақ Отан қорғаушы күніне орай өтетін әскери шеруге дайындық және оны өткізу кезінде ұшу кестесінде болуы мүмкін өзгерістер туралы хабарлайды.
Құзырлы органдардың бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр (қоса алғанда) аралығында Астана қаласының әуе кеңістігінде әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларына байланысты қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі.
Осыған байланысты ұшу және ұшып келу кестесіне өзгерістер енгізілуі ықтимал. Әуежай жолаушыларға өзекті ақпаратты авиакомпаниялардың және әуежайдың ресми ресурстарынан алдын ала нақтылауды ұсынады.
Уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауларыңызды және ықтимал өзгерістерді ескере отырып, сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Рейстер туралы ақпарат алу үшін:
📞 Байланыс орталығы: +7 7172-702-999
🌐 Ресми сайт: www.nn-airport.kz
Құрметпен,
Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: