Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі аяқталды

Барлық жаңалықтар

2025-02-18

Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі аяқталды

11-15 ақпан аралығында Астана қаласында Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылған «Жұмысшы мамандықтар қаласы» атты ауқымды фестиваль өтті. Бес күн ішінде шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 50 мыңнан астам қатысушы жиналды.

Фестиваль қонақтары 8 тақырыптық көшеде және 40 интерактивті аймақтарда, соның ішінде біздің «Авиация үйінде» қайталанбас атмосфераға еніп, 200-ден астам мамандықпен таныса алды. Бұл оқушылардың әрқайсысына өздері қызыққан мамандықтардың мәнін білуге ​​тамаша мүмкіндік болды.

Фестивальге белсене қатысып, білім мен тәжірибелерімен бөліскен елорда әуежайының барлық жұмыскерлеріне шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ