Құрметті жолаушылар және серіктестер!

Барлық жаңалықтар

2025-02-07

Құрметті жолаушылар және серіктестер!

Сіздерге Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының беделді британдық Skytrax компаниясының шешімімен үшінші жыл қатарынан Орталық Азия мен ТМД-дағы «Үздік аймақтық әуежай» атағын алғанын қуана хабарлаймыз.

Бұл жетістікке сіздердің тұрақты қолдауларыңыз бен сенімдеріңіздің арқасында қол жеткіздік. Біз сапалы қызмет көрсетуге және әрбір жолаушыға қолайлы жағдай жасауға ұмтыламыз.

Skytrax қазіргі уақытта әлемдегі ең үздік әуежайлардың рейтингін жасау үшін сауалнама жүргізуде. Бұл үдерісте Сіздің пікіріңіз маңызды рөл атқарады!

Бізге қалай қолдау көрсете аласыз:
1️⃣ Веб-сайтқа өтіңіз: www.worldairportsurvey.com/Surveys/Airport/best_airport.html

2️⃣ Санатты таңдаңыз, мысалы, "Үздік әуежай".
3️⃣ Дауысыңызды қалдырыңыз: тәжірибеңіз бен әсерлеріңізбен бөлісіңіз.

Назар аударыңыз: сайтта орыс тілі жоқ, бұл Ресей Федерациясының халықаралық санкцияларда болуына байланысты. Сіз ағылшын тілін немесе өзіңізге ыңғайлы кез келген басқа тілді таңдай аласыз.

Сіздің сауалнамаға қатысуыңыз бізге қызметтер сапасын жақсартуға көмектеседі. Бұл ақпаратты достарыңызбен және әріптестеріңізбен бөлісіңіз - әрбір дауыс маңызды!

Қолдауыңызға рахмет!

Құрметпен,
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ұжымы

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ