Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Елорда әуежайында ұшу қауіпсіздігін үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған арнайы тактикалық оқу-жаттығу сәтті өтті
2024 жылғы 17 қазанда сағат 14:30-да «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-да «Астана қаласы әуежайының авариялық-құтқару жасағы мен азаматтық қорғаныс бөлімшелерінің өзара іс-қимылын оқыту» тақырыбында арнайы тактикалық оқу-жаттығу (ТҚ) өтті. Бұл іс-шара әуежайдың барлық құрылымдық бөлімшелерінің және төтенше жағдай кезінде өзара әрекеттесетін ұйымдардың іс-қимылдарын жақсартуға бағытталған.
Оқу-жаттығуға 29 дана техника мен 98 жеке құрам, сондай-ақ 3 дана техника және 13 қызметкерден тұратын Астана қаласының азаматтық қорғаныс бөлімшелері жұмылдырылған жедел штаб, әуежайдың апаттық-құтқару жасақтары қатысты. Жаттығуларда «Air Astana» авиакомпаниясының қызметкерлері маңызды рөл атқарды.
Сценарий бойынша, KC 7366 Астана - Орал рейсі ұшу кезінде Boeing 737-800 ұшағы ұшу-қону жолағындағы сол жақ шассиге соғылып, оның ұшу-қону жолағынан шығып кетуіне әкеліп соқты, нәтижесінде сол жақ қанаты өртеніп, жанармай төгілді. Бортта 157 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болды.
Оқу-жаттығу аясында әуежайда жеңіл жарақат алған және зардап шекпеген жолаушыларды, сондай-ақ күтіп алушыларды қабылдау орталығы ашылды. Әуежай қызметкерлері мен авиакомпания өкілдері жолаушыларды есепке алуды қамтамасыз етіп, жолаушыларға да, олардың жақындарына да психологиялық көмек көрсетті.
Оқу-жаттығулар авиациялық оқиғаның салдарын жою және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, авариялық-құтқару жасақтарының әзірлігін бағалау, сондай-ақ әуежайдағы байланыс және ескерту жүйесінің жұмысын тексеру бойынша іс-қимылдарды практикада тексеруге мүмкіндік берді.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ авиациялық қауіпсіздік пен төтенше жағдайларға дайындық мәселелеріне үлкен мән беруді жалғастыруда.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: