Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Астана халықаралық әуежайындағы өрт ауыздықталды
27 ақпан таңғы 07:50-де Астана халықаралық әуежайының коммутациялық жүйесінен өрт шыққаны туралы хабарлама келді. 08:24-те өрт толықтай ауыздықталды. Өрт сөндіру кезінде қатты түтіннің пайда болуына байланысты әуежай терминалындағы барлық жолаушы қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
20 негізгі техника, 3 арнайы техника және 58 адам өртке қарсы жұмысқа жұмылдырылды.
Астана халықаралық әуежайы ұшып келетін рейстерді қабылдауды тоқтатқан жоқ. Алайда Астана халықаралық әуежайынан ұшатын 18 рейс кешіктірілуде. Олар: КС205 Астана-Дубай, DV702 Астана-Шымкент, КС 952 Астана-Алматы, IQ389 Астана-Жезқазған, КС 7052 Астана –Алматы, DV783 Астана-Өскемен, КС 313 Астана-Ақтау, ТК 357 Астана-Ыстамбұл, DV 747 Астана-Павлодар, КС7341 Астана-Қостанай, DV821 Астана-Пулково, КС 852 Астана-Алматы, КС7315 Астана – Қызылорда, Lo196 Астана-Варшава, IQ367 Астана- Қостанай, DV716 Астана-Шымкент, IQ437 Астана-Петропавл, КС345 Астана-Өскемен.
Кешіктірілген рейстердің нақты ұшу уақыты белгісіз. Жағдай тұрақталғаннан соң рейстер қалыпқа келтіріледі. Қолайсыздық үшін жолаушыларымыздан кешірім сұраймыз. Жолаушыларға Астана халықаралық әуежайының әкімшілігі су мен сусын ұсынуда. Алдағы уақытта әкімшілік жолаушыларды жеңіл тағаммен қамтамасыз етеді.
Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: