Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Астана халықаралық әуежайындағы жағдай тұрақталды
Астана халықаралық әуежайының әуеайлағында ұшуға қолайлы ауа райы орнады. Қазір әуеайлақта желдің жылдамдығы 5 м/с, тығыздалған қар, ауа температурасы – 4. Әуежайдағы ұшу-қону кестесі тұрақталып келеді. Түнгі 00:01-ден қазіргі сәтке дейін әуежай 29 рейсті қабылдаса, 41 рейс ұшып кетті. Олардың арасында 30 желтоқсан күні ұшуы қажет болған KC7377 Астана-Ақтау, IQ399 Астана-Ақтөбе, IQ367 Астана-Қостанай, DV744 Астана-Алматы, KC957 Астана-Алматы, SU 1963 Астана-Мәскеу, DV741 Астана-Ақтау, DV736 Астана-Шымкент бағытындағы рейстер бар.
31 желтоқсандағы 13 рейс алдын ала кейінге қалдырылды. Сондай-ақ Астана халықаралық әуежайынан 1 қаңтарға дейін 105 рейс ұшады және 101 рейс қонады деп жоспарланған.
«Қазір біздің әуеайлақта ұшып-қону үшін қолайлы ауа райы орнады. Алайда ауа-райы бірден өзгеруі мүмкін. Әуеайлақта қазір 21 техника жұмыс істеп жатыр. Ұшу-қону жолағын қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Елорда әуежайының қызметкерлері мереке күндері күшейтілген режимде қызмет етіп жатыр. Біз қазақстандықтардың жаңа жылды жақындарының жанында қарсы алғанын қалаймыз. Сондықтан қолайлы ауа райын пайдаланып, кешегі кешіккен рейстерді бүгін толықтай орындауға бар күшімізді салып жатырмыз», - деді Terminals Astana Airport Management LLP бас директоры Юсуф Альжаудер.
Айта кету керек кеше әуежайдағы жолаушыларға 3590 порциядан астам ыстық тамақ пен ыстық және салқын сусын таратылып, күту залында мерекелік көңіл-күй орнаған болатын. Мерекелік отмасфера бүгін де жалғасын табады.
Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: