Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Рекорд: Астана әуежайы өзінің 7,5 миллионыншы жолаушысын қарсы алды
Астана, 25 желтоқсан 2023 - Бүгін Астана халықаралық әуежайы 7 жарым миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл Астана әуежайы үшін рекордтық көрсеткіш. Елорда әуежайының 7 жарым миллионыншы жолаушысы KC853 рейсімен Алматы-Астана бағытымен ұшып келген Сейітқазиевтер отбасы болды.
«Біз Алматыдағы туыстарымызға барып, қонақ болып, үйімізге келе жатырмыз. Бірақ рейстен бізді әуежайдың басшылығының өзі күтіп алып, ерекше қонақ боламыз деп мүлде ойлаған жоқпыз. Қазірдің өзінде таңданысымызды жасыра алмай тұрмын. Мұның бәрі ұлым Мансұрдың несібесі шығар деп ойлаймын. Осылай жылы қарсы алғандарыңыз үшін мың рахмет!», - деді Сейітқазиевтер отбасының отағасы Бауыржан.
«Астана халықаралық әуежайы жылдан жылға әлемдік авиациялық қоғамдастықта өзінің танымалдығы мен маңыздылығын дәлелдеп келе жатыр. 2023 жылы Астана халықаралық әуежайынан Әзірбайжан әуекомпаниялары, RedSea, AirCairo, MaviGok әуекомпаниялары тұрақты рейстер орындай бастады. Бүгін әуежайымыздың тарихында жаңа рекорд орнады. Былтыр 6 миллион жолаушы қабылдасақ, биыл көрсеткіш 25 пайызға артып, елорда әуежайы 7 жарым миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетіп жатыр», - деді «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының» Басқарама Төрағасы Ерғазы Жолдасов.
Қарашада Астана халықаралық әуежайы Terminals Holding компаниясымен бірлескен жұмысты бастады. Инвестор елорда әуежайындағы ұшу қону жолағын күрделі жөндеуден өткізуді және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруды жоспарлап отыр. Нәтижесінде жолаушылар ағынын 2 есе көбейтіп, 14 миллионға жеткізу көзделуде.
Астана әуежайынан тәуліген орта есеппен 200-ден аса рейс орындалады. 11 айдың көрсеткіші бойынша жыл басынан 30 мың рейс орындалған.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: