Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Құрметті жолаушылар!
Астана әуежайы - Орталық Азиядағы ең ірі авиациялық тораптың бірі. Біз жолаушыларымыздың сапарын жайлы әрі қауіпсіз қылу үшін жұмыстанамыз.
Елорда әуежайы 2016 жылдың 25 қаңтарынан бастап «тыныш әуежай» режимінде жұмыс істейді.
«Тыныш әуежай» - әуеайлақтың жұмысы кезінде туындайтын шуды, артық дыбыстарды азайтуға бағытталған. Біз сіздердің рейсті күту кезінде көптеген эмоцияларды бастан өткеретіндеріңізді түсінеміз, сол үшін де әуежай аталмыш кедергілерді азайтуды көздеді.
Сондықтан ақпараттық таблоны мұқият әрі жіті бақылауларыңызды сұраймыз. Табло рейстердің ұшу және қону уақыты туралы өзекті ақпаратты көрсете отырып, сіздерге бағыт-бағдар береді. Осылайша сіздер өз уақыттарыңызды тиімді жоспарлап, рейстен кешігу жағдайының алдын ала аласыздар.
Біздің әуежай ұсынатын қызметтер сіздердің көңілдеріңізден шығады деп үміттенеміз. Бізді таңдағандарыңыз үшін рақмет.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: