Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Әуежайдың үздік қызметкерлері марапатталды
Халықаралық Азаматтық авиация күні қарсаңында елордалық әуежайда үздік қызметкерлер марапатталды. Мерекелік шараға ҚР Авиациялық әкімшілігінің бас директоры Раду Каталин, Terminals Astana Airport Management LLP бас директоры Юсуф Алджаудер, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Ерғазы Жолдасов қатысты.Халықаралық Азаматтық авиация күні қарсаңында елордалық әуежайда үздік қызметкерлер марапатталды. Мерекелік шараға ҚР Авиациялық әкімшілігінің бас директоры Раду Каталин, Terminals Astana Airport Management LLP бас директоры Юсуф Алджаудер, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Ерғазы Жолдасов қатысты.
Кәсіби мереке қарсаңында әуежайдың 80-нен астам қызметкеріне алғыс хат пен Terminals Astana Airport Management ұжымы тарапынан естелік сыйлық табысталды. Мерекелік шараға сала ардагерлері де қатысты.
«Ең алдымен қазақстандық авиация саласының бүгінгі деңгейге жетуіне қосқан өлшеусіз үлесі үшін сала ардагерлеріне шексіз алғыс білдіргім келеді. Ал әуежай ұжымы бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірлікте қызмет етсе екен деймін. Сондай-ақ 92 жылдық тарихы бар Қазақстанның бас әуежайы өркен жайып, дами берсін. Әуежайды басқаруға алған компания ретінде әуежайды жаңа деңгейге көтеруге бар күш жігеріміз бен біліктілігімізді салатынымызға сендіргім келеді», - деді Terminals Astana Airport Management LLP бас директоры Юсуф Алджаудер. Халықаралық азаматтық авиация күні қарсаңында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев та өз құттықтауын жеткізді. «Жалпы жыл көлемінде атқарылған нәтижелі жұмыс көлемі аз емес. Осы атаулы күні саланың барлық қызметкерін құттықтай отырып, салаға қосқан үлестері үшін алғыс айтамын. Авиация өте күрделі сала, сонысымен де қызық. Аталған салада кәсібилігі мен жауапкершілігі жоғары мамандар еңбек етеді. Азаматтық авиация саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіби жетістіктер тілеймін!», - деді өз құттықтауында министр. Айта кету керек осыдан 79 жыл бұрын 7 желтоқсанда Чикагода Азаматтық авиация туралы конвенция қабылданған еді. Ал 1992 жылы Қазақстан халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны ратификациялады. Осының негізінде Астана халықаралық әуежайы Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының авиациялық қауіпсіздік аудитінен өтіп отырады.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: