Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Қазақстанда ИКАО TRIP жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы бойынша аймақтық симпозиумның ашылуы өтті
2023 жылғы 6 желтоқсанда Алматы қаласында ҚР Көлік министрлігінің, Азаматтық авиация комитетінің және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қолдауымен ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымының қолдауымен өтетін TRIP жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы бойынша аймақтық симпозиум жұмысын бастады.
TRIP (Traveller Identification Programme) – аймақтық симпозиумы алғаш рет Қазақстанда өткізіліп отыр және жолаушыларды сәйкестендіру процесін басқарудың барлық аспектілері бойынша ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін әлемдік деңгейдегі іс-шара.
Іс-шараның негізгі бағыты технология мен инновация арқылы жолаушылардың ұтқырлық деңгейін арттыруға бағытталған.
Іс-шара бағдарламасы шеңберінде үш күн ішінде ИКАО-ның TRIP стратегиясының бес элементімен тікелей байланысты 10 сессия өткізу жоспарланған. Атап айтсақ, сәйкестікті растау, машинамен оқылатын жол жүру құжаттары, құжаттарды беру және бақылау, тексеру жүйелері мен құралдары, өзара толықтырылатын ақпараттық жүйелер.
TRIP симпозиумының жұмысына Канада, Франция, Швейцария, Түркия, Катар, Сингапур, Америка Құрама Штаттары, Қытай, Сауд Арабиясы, Австралия, Румыния, Жаңа Зеландия, Германия, Ресей Федерациясы, Әзірбайжан, Армения және т. б. 30 елден ұсынылған 280-ден астам қатысушы қатысатынын атап өткен жөн.
Іс-шараға Қазақстан тарапынан мемлекеттік органдардың (ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызмет комитеті, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі), отандық әуе компаниялардың өкілдері, сонымен қатар Астана халықаралық әуежайының Басқарма Төрағасы Ерғазы Жолдасов қатысуда.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: