Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету шаралары қолға алынды

Барлық жаңалықтар

2023-12-01

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету шаралары қолға алынды

2023 жылғы 30 қарашада елордалық әуежай қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыс шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс Қызметімен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету" тақырыбында бөгде спикерлерді: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері А. Е. Кенебаеваны және "Әділдік жолы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Д. Б. Құлжабаевты тарта отырып, семинар-тренинг өткізілді

Сөз сөйлеу барысында спикерлер іс-шараға қатысушыларды "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның негізгі ережелері туралы хабардар етті, Қылмыстық кодексте және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте көзделген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін шаралар мен жауапкершілікті түсіндірді, сондай-ақ сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық мемлекеттің болашағына тікелей қауіп төндіретінін атап өтті. Оны болдырмауға арналған құралдар бар, оларды тек пайдалану керек. Сондықтан біздің ортақ міндетіміз - оны азайту және жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдау.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру елордалық әуежай қызметінің сапасы мен тиімділігін бағалаудағы маңызды өлшем болып табылады.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ