Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Қыс мезгілінде рейстер неліктен жиі кешіктіріледі?
Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Руслан Пыштанов бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингте Астана халықаралық әуежайының қысқы кезеңге дайындығы туралы айтып берді. Сонымен қатар Руслан Кенжеханұлы қыс мезгіліндегі рейстердің кешігу себебін түсіндірді. Оның айтуынша, рейстердің кешігуіне әуежайдың қатысы жоқ.
"Рейстер қыста жиі кешіктіріледі. Бірақ бұл әуежайдың қысқа дайындығы жоқ деген сөз емес. Көп жағдайда ауа-райының қолайсыздығына байланысты ұшақ ұшып шықпауы немесе қонбауы мүмкін. Сонымен қатар, бас қалада ауа-райы жақсы болса да, ұшақтың баратын жерінде ауа-райы нашар болған жағдайда да рейс кешіктірілуі мүмкін", - деді Руслан Пыштанов.
Мысалы, 22 қарашада Астанадан Оралға ұшатын КС 7365А, КС7366А рейстері және ағымдағы жылдың 23 қарашасында Астанадан Петропавлға ұшатын IQ 437, IQ 438 рейстері межелі пункттегі ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқтатылды.
Астана халықаралық әуежайы 2023-2024 жылдың күзгі-қысқы кезеңінде үздіксіз жұмыс істеу үшін арнайы техникамен қамтамасыз етілген. Әуеайлақ қызметі 34 дана қар тазалайтын машиналармен және тракторлармен, сондай-ақ әуе кемелеріне қызмет көрсетуге арналған 111 дана арнайы техникамен жабдықталған.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: