Көлік
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Бос қызмет орындары
Оқу орталығы
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Астана халықаралық әуежайы жүк тасымалы үшін маңызды сертификат мерзімін ұзартты
"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Еуроодақ аумағына авиациялық жүк тасымалдауды оңайлатылған ұйымдастыру үшін қажетті шарт болып табылатын RA3 (regulated Agents Third country) сертификатын жаңарту процесін аяқтады.
2023 жылғы 6 қарашада ЕО уәкілетті өкілдері "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ RA3 сертификатын 2026 жылғы 16 қазанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда мәртебесі расталған үш әуежай осындай сертификатқа ие. Бұл сертификаттың болуы авиакомпанияларға елордалық әуе айлағынан Еуроодақ елдеріне авиациялық қауіпсіздік бөлігінде қандай да бір шектеусіз жүк тасымалдауды орындауға мүмкіндік береді.
Бұл сертификат елордалық әуежайдың жүк терминалында жүктерді өңдеу процесі жүктердің барлық түрлері үшін Еуропалық қауіпсіздік стандарттарына толық сәйкес келетіндігін растайды.
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.