Көлік
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Бос қызмет орындары
Оқу орталығы
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Астана халықаралық әуежайы инвестор Terminals Holding компаниясымен бірлескен жұмысты бастады
18 қазанда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Terminals Holding компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Негізгі мақсат - Астана әуежайын мультимодальді хаб ретінде дамыту, инвестиция құю арқылы ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу жасау, жүк терминалың қуаттылығын және жолаушылар ағынын арттыру.
8 қарашада шетелдік инвестор БАӘ-нің Terminals Holding компаниясы мен Астана халықаралық әуежайы арасындағы бірлескен жұмыс басталды. Бүгін шетелдік инвестор Астана халықаралық әйежайының серіктестеріне, әуекомпанияларға өздерін таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағының сағатына 20 ұшу және қону операциясын орындауға мүмкіндік береді. Ал жүк терминалының аумағы 3,3 мың шаршы метрді құрайды. Астана халықаралық әуежайы жылына жүк 11 мың тонна жүкті қабылдау және жөнелту жұмысын жүргізіп келеді
Айта кету керек, ортақ келісім әзірге 1 жылға қарастырылған. 1 жыл көлемінде инвестор Астана әуежайының әлеуетін зерделеп, мүмкіндіктерін қарастырады. Содан кейін нақты инвестиция көлемі мен ұзақ мерзімді келісім-шарт жасасу мәселесі қарастырылады.
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.