​​Халықаралық азаматтық авиация ұйымы өкілдері Астана халықаралық әуежайының даму перспективаларымен танысты

Барлық жаңалықтар

2023-10-17

​​Халықаралық азаматтық авиация ұйымы өкілдері Астана халықаралық әуежайының даму перспективаларымен танысты

17 қазанда Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының Директоры Николя Ралло Астана халықаралық әуейжайына арнайы келіп, әуежайдың даму перспективаларын және ICAO-мен одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесуге ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, әуежай басшылығы қатысты. «Астана халықаралық әуежайы тек Қазақстандағы емес, Орталық Азиядағы маңызды әрі ірі әуеайлақ. Сондықтан біз үшін Қазақстан астанасының әуе қақпасының дамуы, осы жолдағы туындаған проблемаларды шешу механизмдерімен арнайы танысу үшін келіп отырмын. Қазір халықаралық азаматтық авиация саласында «жасыл әуежайлардың» санын көбейту үшін жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Астана халықаралық әуежайының да осы санатқа қосылуына қаншалықты потенциалы бар екенін ұғу біз үшін маңызды», - деді Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының директоры Николя Ралло. Астана халықаралық әуежайы 2023 жылдың соңына қарай 7 миллион жолаушыға қызмет көрсетуді жоспарлап отыр. Былтыр елорда әуежайындағы жолаушылар ағыны 6 миллион болған еді. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында Астана халықаралық әуежайында 15 мың ішкі рейстер орындалды. Сондай-ақ Астана халықаралық әуежайы биыл Халықаралық әуежайлар кеңесінің мүшелігіне енді. 2-6 қазан аралығында әуежайдың жерде қызмет көрсету қауіпсіздігі бойынша Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының аудитінен өтті.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ