«Анти-із»: Астана халықаралық әуежайының ұшу жолағы штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Барлық жаңалықтар

2023-10-11

«Анти-із»: Астана халықаралық әуежайының ұшу жолағы штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Бүгін жергілікті уақытпен 13:20-17:20 аралығында Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы техникалық қызмет көрсетуге байланысты жабылды. Осы уақыт ішінде арнайы химиялық сұйықтықтың көмегімен ұшу-қону жолағындағы резеңке шөгінділер жойылды. Резеңке шөгінділер – ұшақ жолаққа қонып, тежелгенде пайда болады. Жолақ бетіндегі резеңке шөгінділер ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Сондықтан Астана халықаралық әуежайы жыл сайын жолақ бетін тазартып отырады. Әуежай қызметкерлері асфальт және цемент бетонды ұшу-қону жолағы бетіндегі резеңке шөгінділерін, битум мен май дақтарын және басқа ластаушы заттарды механикаландырылған өнеркәсіптік тазартуға арналған «Анти-із» тазартқышының, әуежай техникаларының көмегімен әуеайлағының 15 шаршы метрін тазалады. Одан бөлек әуеайлағында шағын жамау жұмыстары, жолақтарды таңбалау секілді жұмыстар жүрді. Астана халықаралық әуежайы барлық тазалау жұмыстарын аяқтағаннан кейін 17:11-де штаттық режимде жұмысқа кірісті.
 
 

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ