​​Әуежайдағы тұрақ бағасына өзгеріс енеді

Барлық жаңалықтар

2023-09-30

​​Әуежайдағы тұрақ бағасына өзгеріс енеді

2023 жылдың 1 қазанынан бастап Астана халықаралық әуежайындағы автотұрақ бағасына өзгерістер енеді. Тұрақ тарифіндегі тәуліктік құн өседі. Әуежай кешені алдындағы тұрақтың P4-P6 аймағына көлік қалдыру құны екінші және үшінші тәулікте 2000 теңге, 3 тәуліктен артық болған жағдайда тәулігіне 3000 теңге болады. P1-P3 аймағында екінші және үшінші тәулікте 3000 теңге, көлікті 3 тәуліктен артық қалдырған жағдайда тәулігіне 4000 теңге. Сондай-ақ жабық тұраққа көлік қалдырсаңыз, кейінгі тәулікте көктем-жаз мезгілінде тәулігіне 3000 теңгеге, күз-қыс мезгілінде 4000 теңгеге дейін өседі. Көлік жүргізушілері 7 тәуліктен 40 тәулікке дейін көліктерін әуежай тұрағына қалдырып кетеді. Соның салдарынан тұрақтан өзге жолаушылар мен шығарып салушыларға тұрақтан бос орын табылмай жатады. Жолаушылардың көліктерін тұрақта ұзақ мерзімге қалдыру қыс мезгілінде қардан тазалау жұмыстарына да кедергі келтіреді. Әуежайдың көлік тұрағы транспортты қысқа мерзімге қалдыруға арналған. Көлікті ұзақ мерзімге әуежайдың тегін тұрағына қалдыруға болады.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ