Астана әуежайының қызметкерлерін маусымдық киіммен қамтамасыз ету басталды

Барлық жаңалықтар

2023-08-18

Астана әуежайының қызметкерлерін маусымдық киіммен қамтамасыз ету басталды

Елорда әуежайында жұмысшылардың қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселесі әрдайым басшылық назарында. Әсіресе, перрон қызметкерлерінің қысқы-жазғы маусымдық киіммен қамтамасыз етілуі айрықша бақылауға алынған. «Восток-Сервис» компаниясымен ұзақ мерзімді келісімшарт шеңберінде Астана халықаралық әуежайының қызметкерлерінің арнайы жазғы киімдерін, арнайы жазғы аяқ киім және жеке қорғаныс құралдарын жаңарту бойынша үлкен жоба іске асуда. Қазіргі уақытта әуежайдың жер үсті көлігі бөлімшесі, әуеайлақ қызметі және перрон жүкшілері бөлімшелері жеке қорғаныс құралдарымен қамтылды. Айта кету керек, әуежай перронында қызмет ететін 1600 қызметкердің киімі жаңаратын болады.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ